Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің Қозыкеткен ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 5738 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы Қозыкеткен ауылы тұрғындарының пікірі ескеріле отырып және облыстық ономастика комиссияның 2017 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде, Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің Қозыкеткен ауылындағы келесі көшелері қайта аталсын:

      "Производственная" көшесі "Аманат" көшесі болып;

      "Мира" көшесі "Атамекен" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қозыкеткен ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
В. Симоненко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады