Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы "Шарбақты ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 43/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5398 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда аудандық "Маралды", "Трибуна" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі қосымшасының алтыншы бағананың атауында "образования" сөзі алынсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |