Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Шарбақты ауданының Татьяновка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 35/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4994 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 31 наурызда аудандық № 13 "Маралды" және "Трибуна" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ыбыраев |