1. Алматы қаласы әкімдігінің "2016-2017 оқу жылына арналған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік оқыту жөніндегі ұйымдардың тізбесін мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып бекіту туралы" 2016 жылғы 17 маусымдағы № 2/280 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1296 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде 2016 жылдың 8 шілдесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Алматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 2/280 "2016-2017 оқу жылына арналған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік оқыту жөніндегі ұйымдардың тізбесін мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |