2016-2017 оқу жылына арналған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік оқыту жөніндегі ұйымдардың тізбесін мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 2/280 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 маусымда № 1296 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 1/31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2017 № 1/31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 221 "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016-2017 оқу жылына арналған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік оқыту жөніндегі ұйымдардың тізбесі мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 2/280 қаулысына қосымша

2016-2017 оқу жылына арналған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы"
Бағдарламасына қатысушыларды кәсіптік оқыту жөніндегі ұйымдардың
мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құны көрсетілген тізбесі Кәсіби даярлау


Оқыту ұйымының атауы
Мамандықтын коды мен атау
Біліктілігі
Оқытыла-тын қатысушы-лар саны
Курстардың 1 айға оқу құны
Оқу мерзімі
1
"Перспектива" колледжі білім беру ұйымы ЖШС
1219000 - Нан пісіру, макарон және кондитер өнімдерінің өндірісі
1219142 - Наубайшы
25
22525
10ай

Қайта даярлау


Оқыту ұйымының атауы
Мамандық-тын коды мен атауы
Біліктілігі
Оқыты-латын қатысу-шылар саны
Курстар-дың 1 айға оқу құны
Оқу мерзімі
1
"М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация-лар академиясы-ның Алматы көлік колледжі" ЖШС
1306000 - Радиотехника және байланыс
1306012 - Телекоммуникациялық желілері мен жүйелері электромонтері
25
22641
3 ай
2
"М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация-лар академиясы-ның Алматы көлік колледжі" ЖШС
1306000 - Радиотехника және байланыс
1306022 - Телефон байланыс электромонтері
25
22641
3 ай
3
"Перспектива" колледжі білім беру ұйымы" ЖШС
0506000 – Шаштараз өнері және сәндік косметика
0506012 - Шаштараз - модельер
25
22641
3 ай
4
"Перспектива" колледжі білім беру ұйымы" ЖШС
0506000 – Шаштараз өнері және сәндік косметика
0506052 - Маникюр бойынша шебері
25
22641
3 ай
5
"Перспектива" колледжі білім беру ұйымы" ЖШС
0508000 - Тамақтандыру ұйымы
0508022 - Кондитер
25
22641
3 ай
6
"Перспектива" колледжі білім беру ұйымы" ЖШС
0508000 - Тамақтандыру ұйымы
0508012 - Азпаз
25
22641
3 ай
7
"Перспектива" колледжі білім беру ұйымы" ЖШС
1112000 – Машиналар-ды және жабдықты пайдалану
1112032 - Слесарь - жөндеуші
15
22641
3 ай
8
"Оқу орталығы "Шебер" ЖШС
1211000 - Тігін өнер кәсібі және моделдеу
19601 - Тігінші
85
22641
3 ай
9
"Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі" МКҚК
0901000 - Электр станциялары-ның және желілерінің электрожаб-дығы
0901022 - Электр станцияларының электрожабдығын жөндеу бойынша электр слесарі
 
25
22641
3 ай
10
"Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі" МКҚК
0901000 - Электр станциялары-ның және желілерінің электрожаб-дығы
0901032 - Қуат желілері және электр жабдығы бойынша монтажшы
25
22641
3 ай

Біліктілігін арттыру


Оқыту ұйымының атауы
Мамандық-тың коды мен атауы
Біліктілігі
Оқыты-латын қатысу-шылар саны
Курстар-дың 1 айға оқу құны
Оқу мерзімі
12
"Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі" МКҚК
0518000 - Есеп және аудит
0518012 - Есепші
60
22525
2 ай

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады