1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/477 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1199 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |