V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІV сессиясының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 88 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 наурызда № 1352 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIII сессиясының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 196 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1020 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтағы:
      "6,5 айлық есептік көрсеткіш" сандары мен сөздері "9 айлық есептік көрсеткіш" саны мен сөздеріне ауыстырылсын.
      аталған шешімнің қосымшасындағы:
      1 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      1 тармақтың 4) тармақшасындағы "(бұдан әрі – Тұжырым)" сөздері алынып тасталсын.
      1 тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) оқу орнының анықтамасы.".
      5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "5. Әлеуметтік көмек оқу орнының анықтамасында көрсетілгеніндей, кемтар балалардың жеке оқу жоспары (бұдан әрі – жеке оқу жоспары) бойынша үйде оқу кезеңіне тағайындалады.".
      8 тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "7) жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнің аяқталуы.".
      9 тармақтағы "Тұжырымда көрсетілген мерзімнен бастап жаңартылады" сөздері "жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімнен бастап жаңартылады" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      VI сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      кезектен тыс XIV сессиясының
      төрағасы Е. Еркінбаев
      VI сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      Хатшысы Қ. Қазанбаев

О внесении изменений и дополнений в решение XXIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года № 196 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану"

Решение ХIV сессии маслихата города Алматы VI созыва от 3 марта 2017 года N 88. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 18 марта 2017 года за N 1352

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Алматы VI-го созыва РЕШИЛ:
      1. Внести в решение XXIII сессии маслихата города Алматы V созыва от 19 декабря 2013 года № 196 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1020, опубликованное 30 января 2014 года в газетах "Алматы ақшамы" и "Вечерний Алматы") следующие изменения и дополнения:
      в пункте 1:
      цифры и слова "6,5 месячного расчетного показателя" заменить цифрой и словами "9 месячных расчетных показателя".
      в приложении к указанному решению:
      подпункт 2) пункта 1 исключить.
      в подпункте 4) пункта 1 слова "(далее – Заключение)" исключить.
      пункт 1 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) справка из учебного заведения.".
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Социальная помощь назначается на период обучения на дому детей с ограниченными возможностями по индивидуальному учебному плану, указанного в справке из учебного заведения (далее – индивидуальный учебный план).".
      подпункт 7) пункта 8 изложить в следующей редакции:
      "7) окончание срока в индивидуальном учебном плане.".
      в пункте 9 слова "Заключения, с периода, указанного в ней" заменить словами "индивидуального учебного плана, с периода, указанного в нем".
      2. Аппарату маслихата города Алматы обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных периодических печатных изданиях, а также в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам труда, занятости и развитию транспорта маслихата города Алматы Р. Бадаеву и заместителя акима города Р. Тауфикова (по согласованию).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Председатель внеочередной
XIV-й сессии маслихата
города Алматы VІ-го созыва
Е. Еркинбаев
      Секретарь
маслихата города Алматы
VІ-го созыва
К. Казанбаев