Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.04.2022 № 2/152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының ұйымдарындағы ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда жұмыс орындарының санын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы қызметкерлердің тізімдік саны:
елуден жүз адамға дейін – қызметкерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – қызметкерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бір адамнан жоғары – қызметкерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімдік басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
4. Осы Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |