Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.09.2024 № 3/522 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 34 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 "Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.
2. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/132 қаулысына 1 қосымша |
Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен
жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ | Атауы | Бір адамға шаққандағы тұтыну нормасы | Өлшем бірлігі | |
1 | Көшедегі су колонкаларынан су тарату | 25 | Тәулігіне литрден | |
2 | Су құбыры және кәріз жүйесі бар, ванналары жоқ | 100 | Тәулігіне литрден | |
3 | Су құбыры мен кәріз жүйесі, газбен жабдықтау желісі бар немесе қатты отынмен жұмыс істейтін, ванналары жоқ | 125 | Тәулігіне литрден | |
4 | Су құбыры және кәріз жүйесі, қатты отынмен жұмыс істейтін, су қыздыратын ванналары (моншалары) бар | 150 | Тәулігіне литрден | |
5 | Су құбыры және кәріз жүйесі,қол жуғыштармен, жуғыштармен, душтармен жабдықталған орталық ыстық сумен жабдықтау жүйесі бар | 160 | Тәулігіне литрден | |
6 | Су құбыры және кәріз жүйесі, газ және электрлік су қыздырғыштарымен жабдықталған ванналары (моншалары) бар | 200 | Тәулігіне литрден | |
7 | Су құбыры және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі, душтармен жабдықталған, отыратын ванналары (моншалар) бар | 195 | Тәулігіне литрден | |
8 | Су құбыры және кәріз жүйесі, ванналармен (моншалар) жабдықталған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі бар | 280 | Тәулігіне литрден | |
9 | Су құбыры мен кәріз жүйесі, ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі бар, ыстық сумен жабдықтау үшін жылу алмастырып отыратын құралмен жарақталған, ванналармен жабдықталған (судың ЖЕҚ болмаған жағдайда) көп пәтерлі тұрғын үйлер | Суық сумен жабдықтау үшін | 280 | Тәулігіне литрден |
Ыстық сумен жабдықтау үшін | 105 | |||
10 | Бақшаларды суару | 60* | М3 жылына (суару кезеңі) | |
11 | Бау-бақшаны суару | 36* | М3 жылына (суару кезеңі) |
* Ескерту: жер телімінің бір 0,01 гатұтыну нормасы, суару жөніндегі деректер суару кезеңі үшін есептеледі (15 сәуірден 15 қазанға дейін)
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/132 қаулысына 2 қосымша |
Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін су бұру
жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ | Атаулары | Бір адамға шаққандағы тұтыну нормасы | Өлшем бірлігі | |
1 | Суық суды бұру қызметтеріне | |||
1.1 | Көшедегі су колонкаларынан су тарату | 25 | Тәулігіне литрден | |
1.2 | Су құбыры және кәріз жүйесі бар, ванналары жоқ | 100 | Тәулігіне литрден | |
1.3 | Су құбыры мен кәріз жүйесі, газбен жабдықтау желісі бар немесе қатты отынмен жұмыс істейтін, ванналары жоқ | 125 | Тәулігіне литрден | |
1.4 | Су құбыры және кәріз жүйесі, қатты отынмен жұмыс істейтін, су қыздыратын ванналары (моншалары) бар | 150 | Тәулігіне литрден | |
1.5 | Су құбыры және кәріз жүйесі, қол жуғыштармен, жуғыштармен, душтармен жабдықталған орталық ыстық сумен жабдықтау жүйесі бар | 160 | Тәулігіне литрден | |
1.6 | Су құбыры және кәріз жүйесі, газ және электрлік су қыздырғыштарымен жабдықталған ванналары (моншалары) бар | 200 | Тәулігіне литрден | |
1.7 | Су құбыры және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі, душтармен жабдықталған, отыратын ванналары (моншалар) бар | 195 | Тәулігіне литрден | |
1.8 | Су құбыры және кәріз жүйесі, ванналармен (моншалар) жабдықталған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі бар | 280 | Тәулігіне литрден | |
1.9 | Су құбыры мен кәріз жүйесі, ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі бар, ыстық сумен жабдықтау үшін жылу алмастырып отыратын құралмен жарақталған, ванналармен жабдықталған (судың ЖЕҚ болмаған жағдайда) көп пәтерлі тұрғын үйлер | Суық сумен жабдықтау үшін | 280 | Тәулігіне литрден |
Ыстық сумен жабдықтау үшін | 105 | |||
2 | Ыстық суды бұру қызметтеріне | |||
2.1 | Су құбыры және кәріз жүйесі, жуғыштармен, душтармен, ванналармен (моншалар) жабдықталған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі бар | 105 | Тәулігіне литрден |