Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2/132 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 мамырда № 1375 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/522 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.09.2024 № 3/522 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 34 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 292 "Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 27 сәуірдегі
№ 2/132 қаулысына
1 қосымша

Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін сумен
жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары

Атауы

Бір адамға шаққандағы тұтыну нормасы

Өлшем бірлігі

1

Көшедегі су колонкаларынан су тарату

25

Тәулігіне литрден

2

Су құбыры және кәріз жүйесі бар, ванналары жоқ

100

Тәулігіне литрден

3

Су құбыры мен кәріз жүйесі, газбен жабдықтау желісі бар немесе қатты отынмен жұмыс істейтін, ванналары жоқ

125

Тәулігіне литрден

4

Су құбыры және кәріз жүйесі, қатты отынмен жұмыс істейтін, су қыздыратын ванналары (моншалары) бар

150

Тәулігіне литрден

5

Су құбыры және кәріз жүйесі,қол жуғыштармен, жуғыштармен, душтармен жабдықталған орталық ыстық сумен жабдықтау жүйесі бар

160

Тәулігіне литрден

6

Су құбыры және кәріз жүйесі, газ және электрлік су қыздырғыштарымен жабдықталған ванналары (моншалары) бар

200

Тәулігіне литрден

7

Су құбыры және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі, душтармен жабдықталған, отыратын ванналары (моншалар) бар

195

Тәулігіне литрден

8

Су құбыры және кәріз жүйесі, ванналармен (моншалар) жабдықталған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі бар

280

Тәулігіне литрден

9

Су құбыры мен кәріз жүйесі, ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі бар, ыстық сумен жабдықтау үшін жылу алмастырып отыратын құралмен жарақталған, ванналармен жабдықталған (судың ЖЕҚ болмаған жағдайда) көп пәтерлі тұрғын үйлер

Суық сумен жабдықтау үшін

280

Тәулігіне литрден


Ыстық сумен жабдықтау үшін

105

10

Бақшаларды суару

60*

М3 жылына (суару кезеңі)

11

Бау-бақшаны суару

36*

М3 жылына (суару кезеңі)

      * Ескерту: жер телімінің бір 0,01 гатұтыну нормасы, суару жөніндегі деректер суару кезеңі үшін есептеледі (15 сәуірден 15 қазанға дейін)

  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 27 сәуірдегі
№ 2/132 қаулысына
2 қосымша

Алматы қаласының есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін су бұру
жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары



Атаулары

Бір адамға шаққандағы тұтыну нормасы

Өлшем бірлігі

1

Суық суды бұру қызметтеріне

1.1

Көшедегі су колонкаларынан су тарату

25

Тәулігіне литрден

1.2

Су құбыры және кәріз жүйесі бар, ванналары жоқ

100

Тәулігіне литрден

1.3

Су құбыры мен кәріз жүйесі, газбен жабдықтау желісі бар немесе қатты отынмен жұмыс істейтін, ванналары жоқ

125

Тәулігіне литрден

1.4

Су құбыры және кәріз жүйесі, қатты отынмен жұмыс істейтін, су қыздыратын ванналары (моншалары) бар

150

Тәулігіне литрден

1.5

Су құбыры және кәріз жүйесі, қол жуғыштармен, жуғыштармен, душтармен жабдықталған орталық ыстық сумен жабдықтау жүйесі бар

160

Тәулігіне литрден

1.6

Су құбыры және кәріз жүйесі, газ және электрлік су қыздырғыштарымен жабдықталған ванналары (моншалары) бар

200

Тәулігіне литрден

1.7

Су құбыры және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі, душтармен жабдықталған, отыратын ванналары (моншалар) бар

195

Тәулігіне литрден

1.8

Су құбыры және кәріз жүйесі, ванналармен (моншалар) жабдықталған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі бар

280

Тәулігіне литрден

1.9

Су құбыры мен кәріз жүйесі, ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі бар, ыстық сумен жабдықтау үшін жылу алмастырып отыратын құралмен жарақталған, ванналармен жабдықталған (судың ЖЕҚ болмаған жағдайда) көп пәтерлі тұрғын үйлер

Суық сумен жабдықтау үшін

280

Тәулігіне литрден

Ыстық сумен жабдықтау үшін

105

2

Ыстық суды бұру қызметтеріне

2.1

Су құбыры және кәріз жүйесі, жуғыштармен, душтармен, ванналармен (моншалар) жабдықталған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау желісі бар

105

Тәулігіне литрден


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады