Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 1998 жылғы 23 маусымдағы "Жалпы пайдаланатын қалалық жолаушылдар көлігін монополиясыздандыру және көлік қызметі рыногын құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1998 жылғы 3 тамызда № 21 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХVІІ сессиясының төрағасы |
М. Хасенов |
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |