Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 29.11.2017 № 4/492 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Алматы қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 3/255 қаулысына қосымша |
Алматы қаласының жолаушыларды әлеуметтік мәні бар
тұрақты тасымалдау тарифтері
№ |
Маршруттың атауы | Маршруттың түрі (атауы) | 1 жолаушыға арналған тариф |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Қарағайлы шағынауданы – Барыс базары (№ 14) | Қалалық | 140,70 |
2 | Алатау совхозы – Алтын орда базары (№ 15) | Қалалық | 152,18 |
3 | Станиславский көшесі – Көктөбе шағынауданы (№ 21) | Қалалық | 200,96 |
4 | Таужолы шағынауданы – Барлық базары (№ 26) | Қалалық | 133,77 |
5 | Орбита 2-4 шағынауданы – 2 Гидроэлектростанция (№ 28) | Қалалық | 522,10 |
6 | Әл-Фараби даңғылы – Ремизовка саяжайлары (№ 68) | Қалалық | 260,56 |
7 | Мост автостанциясы – Юбилейный кенті (№ 107) | Қалалық | 401,27 |
8 | Алма-Арасан шатқалы –№ 190 мектеп (№ 108) | Қалалық | 593,28 |
9 | Қалдаяқов - Жібек жолы көшелері – Көктөбе шағынауданы (№ 111) | Қалалық | 189,34 |
10 | Сұлусай шағынауданы – Жібек жолы көшесі (№ 101) | Қалалық | 370,41 |
11 | Көкжиек шағынауданы – Жұбанов көшесі (№ 40) | Қалалық | 372,79 |
12 | Мақатаев көшесі – Гончаров көшесі (№ 125) | Қалалық | 335,88 |