Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелді.

      "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
С. Сарсенов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 7 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 4 қараша

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 883 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау және "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қолжетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.

      3. Субсидиялауға тарифтерін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) белгілейтін әлеуметтік маңызы бар қатынастары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының шығындары жатады.

      4. Егер "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік маңызы бар қатынастарына арналған тариф арасындағы айырма жергілікті бюджеттен субсидияланбаса, онда тариф шамасын жергілікті атқарушы орган Әдістемеге сәйкес анықтаған жолаушыларды тасымалдау тарифі деңгейінде белгілейді.

2-тарау. Субсидиялауға жататын автомобиль көлігімен жолаушылардың әлеуметтік мәні бар тасымалдары және субсидиялар мөлшерлері

      5. Егер жергілікті атқарушы орган белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифінен төмен болса, аталған маршрут әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар санатына жатады.

      6. Тарифтер жөніндегі комиссия және (немесе) маршрут (ауданаралық (қала iшкi облыс iшi), аудан iшiндегi, қалалық (селолық) және қала маңы қатынасы) құнын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысының хаттамасы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілдік органы айқындайтын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін жасайды. Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тасымалдаушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін қағаз немесе электронды түрде, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есебін ұсынады.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушы ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар хабарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы әкiмнiң бұйрығымен төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның мүшелерінен тұратын комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрайды.

      Комиссияға жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары басшылық етеді, ол Комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссия құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың (жолаушылар көлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша уәкілетті), өңірдің өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палаталарының, заңды тұлғалардың автокөлік бірлестіктері мен қоғамдық бірлестіктердің, автомобиль көлігі саладағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдері (қарастырылып отырған маршрут ұйымдастырылған елді мекенде бар болса) кіреді. Комиссияның құрамына кәсіподақтардың, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіруі мүмкін. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өкілдерінің жалпы саны Комиссия құрамының жартысынан аспайды.

      Комиссияның өкілеттік мерзімі бес жыл. Комиссияның өкілеттіктері аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган Комиссияның құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және оны осы тармақтың талаптарына сәйкес әкімнің өкімімен бекітеді.

      Комиссия мүшелері жұмыс істеп тұрған комиссиядан шыққан кезде, жергілікті атқарушы орган шығып қалған мүшелерді алып тастау және Комиссияның жаңа мүшелерін құрамына енгізу жолымен комиссия құрамына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

      Комиссия отырыстары аудио және бейнежазбаны пайдалана отырып, Комиссия төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен немесе қашықтан (қашықтықтан) форматта онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.

      Комиссия төрағасы оның іссапарда, демалыста немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуы себебімен болмаған кезде, оның өкілеттігін Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Үміткерлердің жоқ болу себебіне байланысты екi реттен артық маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзiлмеген деп танылған халықтың әлеуметтiк маңызы бар тасымалдауға мұқтаждығы туындаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган Комиссияның қарауына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут құнының есебін енгізеді.

      Отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия тарифтерді және (немесе) маршрут құнын айқындаудың дұрыстығын растайтын қағаз немесе электрондық нысанда хаттама қабылдайды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың есебін және (немесе) маршрут құнын алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін жасайды.

      10. Мәселе туындаған жағдайда тариф анықтаудың дұрыстығын растау үшін Комиссия тасымалдаушыдан Әдістемеге 1-қосымша болып табылатын Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі шеңберінде тариф есептеуде қолданған құжаттар мен ақпаратты тек бір рет сұратады.

      Комиссия маршрут құнын анықтаудың дұрыстығын растау мақсатында сұрақтар туындаған жағдайда тасымалдаушыдан осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес маршруттың құнын айқындау кезінде пайдаланылған құжаттар мен мәліметтерді тек бір рет сұратады.

      Отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия тасымалдаушының шығындарын субсидиялау кезінде жергілікті атқарушы органдармен орындалатын тарифтерді және (немесе) маршрут құнын айқындаудың дұрыстығын растайтын қағаз немесе электрондық нысанда хаттаманы қабылдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан есептер келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін жасайды.

      Төтенше жағдай және карантиндік шектеулер кезеңінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау нақты тасымалданған жолаушыларды ескере отырып, осы Қағидалардың 7-11-тармағына сәйкес есептік тарифті анықтау жолымен жүзеге асырылады. Комиссия тариф анықтаудың дұрыстығын осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан төлемдер түскен күннен бастап және (немесе) маршруттың құны 7 жұмыс күні ішінде растайды.

      Комиссияның тасымалдаушының ұсынған есептер бойынша ескертулері болған жағдайда, бұл есептеулер Комиссия отырысының хаттамасында барлық ескертулер көрсетіле отырып, пысықтауға жіберіледі. Ескертулерді жою мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды.

      Комиссия отырысының хаттамасы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Есептеудің дұрыстығы комиссия отырысының хаттамасымен расталған маршруттың тарифіне және (немесе) құнына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес бұдан бұрын есептерді жергілікті атқарушы органға ұсынған тасымалдаушыны тарта отырып, комиссия отырысы тағайындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады, ол құрылымның жалпы санынан үштен екісі болған кезде құқықты.

      Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілген болса, Комиссия шешімі қабылданған болып саналады. Теңбе-тең дауыс берілген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

      12. Әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялауға бағытталған сомалар көлемін анықтау әрбір маршрут мынадай:

      1) Әдістемеге сәйкес айқындалған жолаушыларды тасымалдауға арналған тариф пен жергілікті атқарушы орган белгілеген тасымалданған жолаушылардың нақты санына көбейтілген әлеуметтік маңызы бар қатынастарына арналған тариф арасындағы айырма;

      2) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалатын маршруттың бір километрінің құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын тасымалдауды орындаудан болатын, автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісін (километр) негізге ала отырып, нақты көлемге көбейтілген автокөлік құралдарының маршрут бойынша жүріп өткен жүрісінің және жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражатының шығыны.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Әлеуметтік маңызы бар қатынасты субсидиялауға арналған болжамды қаражат көлемі Әдістемеге сәйкес айқындалған жолаушыларды тасымалдауға арналған тариф пен жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф арасындағы жылдар бөлінісінде тасымалдауға жоспарланған жолаушылардың жыл сайынғы санына көбейту айырмасы ретінде айқындалады.

      Автобустың тұрақты тасымалын жүзеге асыру үшін маршруттың құны айқындалған кезде, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес, маршрут бойынша жүретін автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып, тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға арналған болжамды қаражат көлемі жоспарланған жолаушылар мен багажды тасымалдау санынан алынатын кірістер мен маршрут құны арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.

      14. Жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жүзеге асыруды жоспарлау үшін жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті бюджет бағдарламасы бойынша үш жылға бюджеттік өтінімді әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Осы Қағидалардың 13-тармақтарына сәйкес анықталған әлеуметтік мәні бар қатынастарды субсидиялауға арналған қаражат көлемі және әлеуметтік қатынастар тізілімі бюджеттік өтінім үшін негіз болып табылады.

      Жергілікті атқарушы орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органы жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын хабарламалардың сомасын үш жылдық кезеңге бекітеді.

      15. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес айқындалған сома негізінде жергілікті өкілді органның шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында Әлеуметтік маңызы бар жол қатынасын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады, ол:

      1) тараптардың орындауы үшін осы Қағидалармен айқындалған шарттарды;

      2) жылдар бөлінген үш жылға болжамдалған жолаушыларды тасымалдау санын;

      3) жыл бойынша үш жылға арналған субсидиялардың болжамды көлемін;

      4) белгіленген тарифті (тарифтердің торын);

      5) маршрут бойынша Әдістемеге сәйкес айқындалған тарифті;

      6) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып, тұрақты автобус тасымалдауларын жүзеге асыру үшін маршрут құны анықталған кезде жылдар қимасында үш жылғы маршрутта жүріп өткен болжамдық жалпы жиынтық жолын (километр);

      7) ұсынылған растаушы құжаттарға сәйкес келмеген кезде заңсыз алынған субсидияны тасымалдаушыға қайтаруды;

      8) ұсынылған растайтын құжаттарға сәйкес келген кезде алынбаған субсидияларды жергілікті атқарушы органдардың төлеуді;

      9) жергілікті атқарушы органдардың тасымалдаушының нақты орындалған жұмыстары мен жұмсалған шығындары бойынша субсидиялар төлеуі;

      10) қаржы жылының қорытындылары бойынша тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында маршрутқа қызмет көрсету шығындары және субсидиялар сомасы бойынша өзара есеп айырысуларды жүргізуді қамтиды;

      11) Шарттың қолданылу мерзімі осы маршрутқа жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының қолданылу мерзіміне белгіленеді. Маршрутты әлеуметтік маңызы бар хабарламалар тізбесінен алып тастаған кезде Шарт өзінің қолданылуын тоқтатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жергiлiктi атқарушы органдар тоқсан сайын, тоқсаннан кейiнгi айдың 5-iне дейiн автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға Комиссия жұмысының нәтижелерi және әлеуметтiк маңызы бар хабарламаларды субсидиялау туралы ақпаратты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жiбередi.

3-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі мен шарттары

      17. Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі әр айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы айлық ақпаратты (бұдан әрі – ай сайынғы есеп) жібереді.

      Осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдардың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып айқындалған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде тасымалдаушы есептік айдан кейінгі әр айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы есеп жібереді, кейін уәкілетті ұйым есептік айдан кейінгі әр айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға айлық ақпаратты ұсынады. Уәкілетті ұйым болмаған жағдайда тасымалдаушы әр айдың 15-күніне дейін жергілікті атқарушы органға ай сайын ақпарат жібереді.

      "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      18. Тасымалдаушы (жеке немесе заңды тұлға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға арналған өтінішті (бұдан әрі –өтініш) және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Тізбеде жазылған.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      19. Төтенше жағдай және (немесе) карантиндік шектеулер енгізуге байланысты әлеуметтік маңызы бар хабарламалар бойынша тасымалдауды мәжбүрлеп тоқтата тұру кезеңінде ағымдағы қаржы жылындағы ең төменгі жалақысына сәйкес тасымалдаушының жүргізушілерге және (немесе) кондукторларға еңбекақы төлеуге және әлеуметтік аударымдарға шығыстары субсидиялауға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізушілердің және (немесе) кондукторлардың жалақы мен әлеуметтік аударымдары бойынша тасымалдаушының өтінішін және төлеуге жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты жолдайды.

      20. Әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеуді жергілікті атқарушы орган тасымалдаушыға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес субсидия тағайындау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Шарттың негізінде ай сайын жүргізеді.

      Тасымалдаушы осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген ай сайынғы ақпаратты айдың 15-күнінен кейін ұсынған кезде жергілікті атқарушы органдардың субсидиялар төлеуі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20-1. Тасымалдаушыда айдың 15-күніне дейін автокөлік құралдарына арналған лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер болған кезде жергілікті атқарушы органдардың субсидиялар төлеуі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      22. Көрсетілетін қызметті алушыдан Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы түскен кезде, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе жетекшілік ететін басшының орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы қарау үшін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      23. Ұсынылған құжаттардың толық ұсынбау және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      24. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісуі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      25. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны не Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға басшының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      26. Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі жылдың 25 қаңтар мерзімінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын қатынастар бойынша есеп негізінде жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      28. Жергілікті атқарушы орган Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      29. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.".

4-тарау. Тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру үшін маршруттың құнын анықтау тәртібі

      30. Құны жол жүру ақысын электронды жинау жүйесін пайдалана отырып, көлік құралдарының жалпы жылдық жүрісіне, белгілі бір кезеңдегі маршруттың құнын есептеуге немесе белгілі бір жұмыс көлемін орындауға негізделетін маршрут бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде (көрсетілетін қызметтері) мынадай түрдегі экономикалық-математикалық модельді пайдаланады:

      СМ = Зжқ + Зжэтж + Здисп + ( Зт + Зү ) * R

      формула (1)

      СМ = Зжқ + Засп + ( Зт + Зү ) * R

      формула (2)

      мұнда: СМ – белгілі кезеңге маршрут құны немесе көлік жұмысының белгілі көлемін орындау үшін;

      Зжқ – тасымалдаушы жылжымалы құрамға (амортизацияға) немесе лизинг шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға (лизинг төлемдері) жұмсайтын нормативтік шығындардың жалпы сомасы;

      Зт – тасымалдаушының тікелей нормативтік (есептік) жалпы сомасы (отын, жағармай материалдары, автокөлік құралдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, автошиналарды ауыстыру және жөндеу, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбекақысы);

      Зү – тасымалдаушының үстеме шығындарының нормативті сомасы;

      Зжэтж – жолақыны электрондық төлеу жүйесі операторының қызметтерін ескеретін шығындар (оператордың электрондық жүйесі пайдаланатын жабдыққа қызмет көрсету, ұстау және жөндеу) (осы қызметке тасымалдаушы төлем жасаған кезде);

      Здисп – диспетчерлік жүйе операторының қызметтерін есепке алатын шығындар (осы қызметке тасымалдаушы төлем жасаған кезде);

      Засп – автовокзалдардың, автостанциядардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтерін есепке алатын шығындар;

      R – осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тасымалдаушының шығындарына есептік рентабельділік коэффициенті 1,15-ке тең (15% ретінде қабылданады).

      Тасымалдаушының қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) ескере отырып шеккен шығыстары маршрут құнын есептеу кезінде ҚҚС қоса ескеріледі.

      ҚҚС әлеуметтік маңызы бар маршрутта пайдаланылатын автокөлік құралдарының амортизациясына байланысты тасымалдаушының шығындарына қабылданады.

      Формула (2) жол жүру ақысын электронды жинау жүйесін пайдаланбайтын ауданаралық (қалааралық облысішілік) және ауданішілік тасымалдауға қолданылады.

      ҚҚС айқындау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ҚҚС жарнасы қолданылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Баптар бойынша нормативтік шығындардың іріленген есептері мынадай орындалады:

      1) Зпс – жылжымалы құрам бойынша тасымалдаушының жалпы құны кіреді:

      Лизингтік төлемдер-лизинг шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін лизинг шарты бойынша төлемдердің жалпы сомасын білдіретін мерзімді төлемдер, олар лизинг шартын жасасу сәтіндегі баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігін өтеуді ескере отырып есептелуге тиіс және лизинг шартының қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылатын, оған мыналар кіреді:

      лизинг берушіге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын сатып алуға, жеткізуге және оны лизинг шартына сәйкес мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты кез келген басқа шығыстарды өтеу;

      лизинг бойынша сыйақы.

      Жылжымалы құрам бойынша жылдық лизингтік төлемнің мөлшері (жылдық аннуитет) лизинг шартына, лизинг шартына төлем кестесіне сәйкес, сондай-ақ оны өтеуге байланысты шығыстарды ескере отырып айқындалады және мынадай тәртіппен есептеледі:

      Лжыл = Л + S

      формула (3)

      мұнда: Лжыл - жылжымалы құрам бойынша жылдық лизингтік төлемнің (жылдық аннуитет) мөлшері;

      Л – лизинг шартына кестеде белгіленген жыл сайынғы лизингтік төлемдердің сомасы;

      S – лизингтік бағдарлама шеңберінде лизинг берушінің мүлкін ерікті сақтандыру шартын жасасу кезінде төленуге жататын жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлігі) сәйкес айқындалады;

      2) Жылжымалы құрам бойынша лизинг төлемдері болмаған жағдайда, олардың жалпы жүрісін ескере отырып, маршрутқа бекітілген көлік құралдарының амортизациялық аударымдарының сомасы өтелуге жатады. Формула арқылы есептелген:

      За = 0,15 * Ам * Кр * Ц

      формула (4)

      мұнда: За – амортизация шығындары;

      0,15 – 15 % көлемінде автокөлік құралдары бойынша амортизация нормасы (жалға алынған автокөлік құралдарына қолданылмайды);

      Кр – автокөлік құралдары резервінің коэффициенті (маршрутта бекітілген автокөлік құралдарының жалпы санының шығындарды есептеу үшін 1,2-ге тең кесте бойынша маршрутқа жеткізілуге жататын автокөлік құралдарының санына қатынасы;

      3) Зт – тасымалдаушының тікелей нормативтік (есептік) жалпы сомасы мынадан тұрады:

      Зо – осы маршрутта пайдаланылатын автокөлік құралдарының жалпы жүріп өткен жолына есептегенде автомобильдік отын электр энергиясы/газ/сутегі шығындары тариф есептелетін күнгі барлық қолданыстағы үстемелер мен 1 литр бензиннің/1 киловат электр энергиясының/1 килограмм сутегінің дара бағасын есепке алып, 100 километр жұмсалған отын/электр энергиясы/газ/сутегі шығындарының базалық нормаларына сүйеніп анықталады (осы бөлшек сауда бағасы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тарифті анықтаудың дұрыстығы расталғанға дейін жарамды):

      Зо = 0,01 * Lжж * НТ * КН * ЦТ

      формула (5)

      мұнда: 0,01 - 100 километрден 1 километрге отын шығынын қайта есептеу;

      Lжж - төмендегі формула бойынша есептелетін маршрутқа қызмет көрсетуде автокөлік құралдарының жылдық жүріп өткен жолы:

      Lжж = Кж * ( n * Lкр + Lo )

      формула (6)

      мұнда: Кж - бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілген күндер саны (жыл бойы әр жұмыс істеу режимінде Кж = 365) (жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршруттар кестесіне сәйкес айқындалады);

      n - бағдардағы рейс айналымдарының күнделікті саны (демалыс, мереке, жұмыс күндеріне, жылдың маусымдылығына байланысты жылдағы бару жолында айырмашылық болған кезде олардың орташа мәні алынады);

      Lкр - маршруттағы рейс айналымдарының қашықтығы километр;

      Lo - күнделікті нөлдік жүріп өткен жол, километр;

      Маршрут сипаттамаларының көрсеткіштерінің әртүрлі мәндері жұмыс және демалыс күндері бойынша әртүрлі мәндерге ие болса, онда автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүріп өткен жолы осы көлемдерді жинақтаумен жұмыс және демалыс күндері бойынша жеке анықталады.

      Жазғы және қысқы кезеңдердегі маршрут кестесінің әртүрлі мәндерге ие болса және (немесе) маршрут толық емес күнтізбелік жыл ішінде жұмыс істеген жағдайда, онда отынға шығындар жазғы және қысқы кезеңдердегі шығындардың соммасы ретінде анықталады:

      Зо.жаз = 0,01 х Lжж.ж. х НТ х Цл.т. х КНж.

      формула (7)

      Зо.қыс = 0,01 х Lжж.қ. х НТ х Цз.т. х КНқ.

      формула (8)

      Зо = Зо.жаз + Зо.қыс

      формула (9)

      мұнда: Зо.жаз - жазғы автомобиль отынының құны;

      Зо.қыс - қысқы мотор отынының құны;

      Lжж.ж. - жазда автокөліктердің жылдық жүрісі;

      Lжж.қ. - қыста автокөліктердің жылдық жүрісі;

      KНж., KНқ. - трассадағы (жазғы, қысқы) көлік құралдарын пайдаланудың нақты жағдайлары үшін базалық мөлшерлемеге үстемеақылардың жиынтық коэффициенті.

      НТ – көліктің 100 километріне литр/киловатт/килограмм отын шығынының негізгі нормасы;

      Дизель отынын (бензинді)/газды тұтынудың базалық нормасы мен жинақталған үстеме коэффициенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына (бұдан әрі – Отын шығынының нормасы) сәйкес анықталады.

      Электрлік автобустар үшін 100 километрге сағатына киловатт электр энергиясын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады.

      Отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін 100 километрге сағатына килограмм сутегі отынын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады.

      Бо – дизельдік отынның (бензиннің)/газдың/электр энергиясының/сутегінің бағасы.

      Дизельдік отынның (бензиннің)/газдың/сутегінің бағасы мына формула бойынша анықталады:



      формула (10)

      мұнда: Мқыс Мжаз - ККл (климаттық коэффициент) мәнін анықтайтын Отын шығыны нормаларының 10-кесте бойынша кезеңдер шегінде өңір бойынша анықталған бір жылдағы қысқы және жазғы айлар саны.

      Бқ.о Бж.о - тариф есептеу күніне отынның дара құны (жазғы және қысқы).

      Қыс мезгілінде тарифті есептеу кезінде ҚКл (климаттық коэффициент) мәнін айқындайтын Отын шығыны нормаларының 10-кестесі бойынша кезеңдер шегінде өңір бойынша айқындалған соңғы жазғы кезеңнің соңғы айында қалыптасқан 1 литр жазғы отынның бөлшек құны негізге алынады;

      4) Змм – майлау материалдарының шығыстары автомобиль отын шығыстарынан 10%-на тең:

      Змм = Зо * 0,1

      формула (11)

      5) Зжт - жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстары осы маршрутқа қызмет көрсету үшін бекітілген автокөлік құралдары құнынан 10% (пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автокөлік құралдары үшін), 15% (пайдалану мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейінгі автокөлік құралдары үшін) және 20% (пайдалану мерзімі 7 жылдан астам автокөлік құралдары үшін) ретінде қабылданады:

      Зжт = Кжт * Ам * Кр * Ц

      формула (12)

      мұнда: Кжт - автокөлік құралдарға жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстарының коэффициенті;

      Ам - кесте бойынша маршруттағы автокөлік құралдарының бір күн ішіндегі саны;

      Кр – автокөлік құралдары резервінің коэффициенті (маршрутта бекітілген автокөлік құралдарының жалпы санының шығындарды есептеу үшін 1,2-ге тең кесте бойынша маршрутқа жеткізілуге жататын автокөлік құралдарының санына қатынасы;

      Ц – маршрутта тіркелген автокөлік құралдарының орташа құны, теңгемен.

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған жаңа, сондай-ақ лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдар үшін бұл сатып алу күнінен бастап үш жылға дейінгі сатып алу құны болады.

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған, сондай-ақ лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдарды бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар оларды сатып алу күнінен бастап үш жылдан кейін жүргізеді.

      Лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдарын қайта бағалау тасымалдаушының автокөлік құралдарына жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығындарын өтеу үшін ғана жүргізіледі.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдары, сондай-ақ жалға алынған автокөлік құралдары үшін – бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындайтын орташа нарықтық құн.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдарына дайындаушы зауыт не ресми дилер болып табылмайтын тұлғадан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған, сондай-ақ лизинг шарты бойынша немесе жалға алынған уақытша иеленудегілерге және пайдаланудағыларға жатпайтын автокөлік құралдары жатады.

      Бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындаған автокөлік құралдарының құны ол анықталған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.

      Электробустар, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстары Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады;

      6) Зш – маршруттағы автокөлік құралдарының жылдық жүрісіне есептелген автошиналарды пайдалану шығыстарын мынадай формула бойынша анықтауға болады:



      формула (13)

      мұнда: Бш – бір шина жиынтығының орташа сатып алу бағасы (шина, камера, жиек таспасы), есептеу кезінде теңгемен. Бұл сатып алу бағасы осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес тарифті анықтаудың дұрыстығы расталғанға дейін жарамды);

      М – автокөлік құралдарының доңғалақ саны (қосалқы доңғалақсыз);

      Lжж - маршрутқа қызмет көрсету кезіндегі автокөлік құралдардың жалпы жылдық жүрісі;

      Ш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасы Отын шығыны нормаларына сәйкес анықталады, километрмен;

      Кш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті Отын шығыны нормаларына сәйкес анықталады.

      Электробустардың, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдарының автошиналары жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады;

      7) Зжа – маршрутқа қызмет көрсету бойынша жүргізушілер мен (және) кондукторлардың (автокөлік құралдары экипаждарының) жалпы жылдық төлем сомасы мынадай формула бойынша анықталады:

      Зжа = ( Мр * ( Zв * Nв + Zк * Nк ) * Ам * К ) * 1,2

      формула (14)

      мұнда: Мр – бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілетін айлардың саны (жұмыстың тәулік ішінде және күнделікті режимі кезінде Мр = 12);

      Zв – автокөлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасы бойынша көлік және қоймалау саласындағы бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының (бұдан әрі – ОАНЖ) деңгейіне қатысты белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бойынша ОАНЖ-дан жоғары ОАНЖ бар өңірде өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген осы өңір бойынша ОАНЖ қолданылады.

      Zк – кондуктордың орташа айлық жалақысы жүргізушінің жалақысының 70% деңгейінде белгіленеді;

      Nв/к – маршруттағы әрбір автокөлік құралына бекітілген жүргізушілердің (кондуктор-бақылаушылардың) нормативтік саны формула бойынша айқындалады;

      Nв/к = Тжыл / ЖУБр / Ам

      формула (14-1)

      мұнда: Тжыл - бір жылдағы жұмыс уақытының жалпы саны, сағат;

      ЖУБр - бір жылға арналған жұмыс уақытының есептік балансы (40 сағат, бес күн), сағат;

      Тжыл = Трейс + Тнөл + Тдқж

      формула (14-2)

      мұнда: Трейс - рейстегі жұмыс уақыты, сағат;

      Тнөл - нөлдік жүріс уақыты, сағат;

      Тдқж - дайындық-қорытынды жұмыстарға уақыт, сағат;

      Трейс = n * tайн * Кж

      формула (14-3)

      мұнда: tайн - бір айналым уақыты, сағат;

      Тнөл = Lо / Vнөл * Кж

      формула (14-4)

      мұнда: Vнөл - нөлдік жүрістегі қозғалыстың орташа жылдамдығы, км / сағ (30 км/сағ);

      формула (14-5)

      мұнда: tдқ - күніне 1 автобусқа дайындық-қорытынды уақыт, (20 минут);

      ЖУБр = ЖУБ – (Кдем * t)

      формула (14-6)

      мұнда: Кдем - демалыс күндерінің саны, күндер;

      ЖУБ - бір жылға жұмыс уақытының балансы (40 сағат, бес күн), сағат;

      t – тәулігіне жұмыс уақытының ұзақтығы, сағат;

      К – тасымалдаушының деректерімен расталатын қолданыстағы заңнамаға (әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) сәйкес мөлшерлемелер бойынша жұмыс беруші жалақыдан төлейтін салықтар мен аударымдарды ескеретін коэффициент.

      1,2 – аурулық, еңбек, оқудағы жұмысшылардың есептеулерін ескеретін түзету коэффиценті.

      Жүргізушілерге және (немесе) кондукторларға жалақы төлеу фактісі қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы актінің үзінді көшірмемен расталады;

      8) Зү – тасымалдаушының үстеме шығындарының нормативті сомасы осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тікелей шығындардың жиынтық сомасының пайызын құрайды және мына формула бойынша айқындалады:

      Зү = Зт * П

      формула (15)

      мұнда: П – үстеме шығыстардың нормативті сомасының пайызы осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес, үстеме шығыстарды есептеу сомасының расталатын көлеміне қарай 20%-ға дейін құрайды.

      Жергілікті атқарушы органдар субсидия төлеуді жүзеге асырған кезде тасымалдаушы жұмсалған үстеме шығыстарды құжатпен растайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Маршруттың құны Қағидалардың 4-тарауында көзделген тасымалдаушының нақты шығындары оларға тәуелді емес баға факторлары бойынша 10%-дан астам өзгерген кезде, сондай-ақ маршруттың сипаттамаларына (рейс, автобустардың қозғалыс кестесі, маршруттың ұзақтығы, жылжымалы құрамды жаңарту) пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірілген есептеу тәртібімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түзетіледі.

      Маршрут құны осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жылына кемінде бір рет қайта қаралады.

      Ескерту. Қағидалар 32-тармақпен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
Нысаны

Субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі

р/с№

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

1

2

3







  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебі

      Ұйымның атауы __________________________

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

Әдістемеге сәйкес анықталған 1 жолаушыға арналған тариф, теңге

Болжалды тасымалдау көлемі жыл бойы жолаушылар, адам





      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Маршрут құнының есебі

      Ұйымның атауы __________________________

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

Ұзындығы маршрут, км

Бағасы маршрут, теңге

Болжалды тасымалдау көлемі жыл бойы жолаушылар, адам






      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Әлеуметтік маңызы бар субсидияланған қатынастар сомасы

р/с №

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

Маршрут құны осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалады (теңге)

Әдістемеге сәйкес белгіленген тариф (теңге)

Жергілікті атқарушы орган белгілейтін тариф номи (теңге)

Айырмашылық Әдістемеге сәйкес анықталған тарифтер арасында жергілікті атқарушы орган белгілейтін код пен тариф дене (теңге)

Әлеуметтік маңызы бар жол қозғалысын субсидиялау көлемі 3 жылға жыл сайынам

20__ жыл

20__жыл

20__жыл

1

2

3

4

5

6

7

8









  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Комиссия жұмысының және әлеуметтік маңызы бар қатынастарды субсидиялау нәтижелері

      1-кесте

Маршрут атауы не нөмірі*, сондай-ақ осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымал даушының атауы

Маршрут түрі

Қағидалар дың 7-тармағына сәйкес маршрутқа тариф бойынша есептеулер ұсынылған күні (күні: күн, ай, жыл)

Маршрутқа тариф бойынша есептеулерді себепті көрсете отырып қайта пысықтауға жіберілген күні (күні: күн, ай, жыл)

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін жасау күні (күні: күн, ай, жыл)

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша тарифті белгілеу күні (күні: күн, ай, жыл)

Бюджеттік өтінімді әзірлеу күні (күні: күн, ай, жыл)

Бюджетті бекіту күні (күні: күн, ай, жыл)

Әлеуметтік маңызы бар субсидияла натын қатынастар бойынша үш жылдық кезеңге сомманы бекіту күні (күні: күн, ай, жыл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10









































      2-кесте

Маршрут атауы не нөмірі*, енгізілген әлеуметтік маңызы бар хабарламалар тізбесіне, сондай-ақ осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымал даушының атауы

Маршрут түрі

Әдістемеге сәйкес айқындал ған тариф (теңге)

Жергілікті атқарушы органы белгілеген тариф (теңге)

Маршрут бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген субсидия көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізіміне енгізілді

Осы маршрутқа қажетті субсидия көлемі (теңге)

Есептік кезеңде тасымалдаушыға осы маршрутқа төленген субсидия (теңге)

Бірінші жылға арналған сома (теңге / 20__ жыл)

Екінші жылға арналған сома (теңге / 20__ жыл)

Үшінші жылға арналған сома (теңге / 20__ жыл)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10










































Барлығы (барлық маршруттар үшін 2-кестенің 6, 7, 8, 9, 10-бағандары бойынша жалпы сома көрсетіледі)









      * Осы Кестелердегі 2-бағанды толтыру кезінде қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда маршрут нөмірі көрсетіледі, ал ауданішілік немесе ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынастарда маршруттың бастапқы және соңғы пункттерінде орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі): С6

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ____ жылғы __ (ай)

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тасымалдаушылар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі әрбір айдың 15-күніне дейін.

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

1 жолаушыға бекітілген тариф, теңге

Есептік ай ішінде тасымалданған жолаушылар, адам саны

Жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге






      Ұйым атауы Ұйым мекенжайы _____________________ _________________

      Ұйым телефоны ______________

      Ұйымның электрондық почта мекенжайы ____________________________

      Ұйымның орындаушысы

      _______________________________________________ _____________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)       қолы, телефон

      Ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Бас бухгалтер Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Әлеуметтік маңызы бар
автомобиль қатынастары
бойынша нақты тасымалданған
жолаушылар туралы ақпарат"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

      "Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс – С6 айлық кезеңділік)

      Нысанның 1-бағанында маршруттың атауы және (немесе) нөмірі көрсетіледі.

      Нысанның 2-бағанында маршрут түрінің атауы көрсетіледі.

      Нысанның 3-бағанында 1 жолаушыға бекітілген тариф, теңге көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында есептік ай ішінде тасымалданған жолаушылар, адам саны көрсетіледі.

      Нысанның 5-бағанында жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге көрсетіледі.

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Орындалған жұмыс туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі): С7

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы __ (ай)

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: тасымалдаушылар, уәкілетті ұйымдар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі

      тасымалдаушы әр айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы ақпаратты жібереді;

      уәкілетті ұйым әр айдың 15-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға ақпаратты ұсынады;

      уәкілетті ұйым болмаған жағдайда тасымалдаушы әр айдың 15-күніне дейін жергілікті атқарушы органға ай сайын ақпарат жібереді.

р/н №

Тасымалдаушының атауы

Маршруттар саны, бірлік

Орындалған тасымал көлемі, километр

Жалпы
маршрут құны, теңге

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге

1


2

3

4

5







      Ұйым атауы Ұйым мекенжайы _____________ _______________

      Ұйым телефоны _______________

      Ұйымның электрондық почта мекенжайы ____________________________

      Ұйымның орындаушысы __________________________________________

      __________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Орындалған жұмыс
туралы ақпарат"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

      "Орындалған жұмыс туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі - С7, кезеңділігі айлық)

      Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      Нысанның 2-бағанында тасымалдаушының атауы көрсетіледі.

      Нысанның 3-бағанында маршруттар саны, бірлік көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында орындалған тасымал көлемі, километр көрсетіледі.

      Нысанның 5-бағанында маршруттың жалпы құны, теңге көрсетіледі.

      Нысанның 6-бағанында жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге көрсетіледі.

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Өтініш

      1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шарты (бұдан әрі – шарт):

      1) шарт нөмірі №: ________;

      2) шарт жасасу күні (күні, айы, жылы): __________;

      3) шарт қолдану мерзімі (күні, айы, жылы): __________.

      2. Маршрут түрі:

      1) қалалық (ауылдық) □;

      2) қала маңындағы □;

      3) ауданішілік □;

      4) ауданаралық (қалааралық облысішілік) □.

      3. Маршрут атауы және (немесе) нөмірі: ____________.

      4. Маршрутқа қызмет көрсетудің кезеңі:

      1) қызмет көрсетуді бастау күні (күні, айы, жылы) _____________;

      2) қызмет көрсетуді аяқтау күні (күні, айы, жылы) _____________.

      5. Субсидия сомасы (цифрмен және теңгемен көрсетіледі): ____________;

      6. Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасы қоса беріледі.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға қызметті жүзеге асыру немесе жеке әрекеттердің мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      * Осы өтініштің 3-тармағы бойынша мәліметтерді толтырған кезде қалалық (ауылдық) немесе қала маңындағы қатынастарда маршруттың нөмірі көрсетіледі, ал ауданішілік немесе ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынастарда маршруттың бастапқы және соңғы пункттерінде орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы)

портал арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидия тағайындау туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша іс жүзінде тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат;
2) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, орындалған жұмыс туралы ақпарат;
3) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес билеттерді сату жөніндегі ақпарат;
4) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражаты туралы ақпарат;
5) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің) диспетчерлік қызметінің құжаты;
6) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалған маршрут бойынша құны тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршрут (км) бойынша автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісін негізгі ала отырып, елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын құжат;
7) диспетчерлік қызметтің қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасында ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
10-қосымша
Нысан

Жүргізушілердің және (немесе) кондукторлардың жалақысы мен әлеуметтік аударымдары бойынша тасымалдаушының шығыстары туралы ақпарат

      Ұйымның атауы ________________________

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі


Жүргізушілер саны, адам


Ағымдағы қаржы жылы деңгейінде жүргізушілердің ең төменгі жалақысы, теңге


Жүргізушілердің ағымдағы қаржы жылы деңгейіндегі әлеуметтік аударымдары, теңге


Кондукторлар саны, адамдар


Ағымдағы қаржы жылы деңгейінде кондукторлардың ең төменгі жалақысы, теңге


Ағымдағы қаржы жылы деңгейіндегі кондукторлардың әлеуметтік аударымдары, теңге


Жиыны


      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолдаңбасы

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Субсидия тағайындау және төлеу туралы №____ хабарлама

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Көрсетілетін қызметті алушы: _____________________________________

      (жеке сәйкестендiру нөмiрi/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау"

      Маршрут түрі: ___________

      Маршрут атауы және (немесе) нөмірі: ____________

      Маршрутқа қызмет көрсетудің кезеңі: ___________

      Мәртебе: Субсидия тағайындалды

      Хабарлама берген жергілікті атқарушы орган: _______________________

      __________________________________________________________________

      Хабарлама жіберілетін уақыты мен күні: 20 ____ жылғы "___" ________

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
12-қосымша
Нысан

Субсидия тағайындаудан бас тарту туралы №____ хабарлама

      Көрсетілетін қызметті алушы: _____________________________________

      (жеке сәйкестендiру нөмiрi/ бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: "Ауданаралық (қалааралық облысішілік),

      ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау"

      Маршрут түрі: ___________

      Маршрут атауы және (немесе) нөмірі: ____________

      Маршрутқа қызмет көрсетудің кезеңі: ___________

      Мәртебе: Субсидия тағайындаудан бас тартылды

      Негізі: __________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Хабарлама берген жергілікті атқарушы орган:

      __________________________________________________________________

      Хабарлама жіберілетін уақыты мен күні: 20 ____ жылғы "___" ______

  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
13-қосымша

Үстеме шығыстар

      Ескерту. Қағидалар 13-қосымшамен толықтырылды – ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өндіріс шығындарына жатқызылатын салықтар мен алымдар (қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығынан басқа).

      2. Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, сондай-ақ жұмыскерлерді жүргізушілердің және (немесе) кондуктор-бақылаушылардың, жылжымалы құрамға қызмет көрсететін тасымалдаушының өндірістік-техникалық персоналының еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға арналған шығыстар.

      3. Жүргізушілерден, кондукторлардан және автокөлік құралдарына жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүргізетін қызметкерлерден басқа, тасымалдауды ұйымдастыруға тартылған тасымалдаушы қызметкерлерінің жалақысына арналған шығыстар.

      4. Автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтуге арналған шығыстар.

      5. Тасымалдау процесіне тартылған әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілері бойынша коммуналдық төлемдерге арналған шығыстар.

      6. Әлеуметтік маңызы бар маршруттарда тасымалдау процесіне тартылған тасымалдаушының әкімшілік ғимараттары мен өндірістік-техникалық базасының объектілері бойынша жалға алу, амортизация (автокөлік құралдарынан басқа), жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және жарықтандыру, күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу шығыстары.

      7. Жүргізушілердің және (немесе) кондуктор-бақылаушылардың, жылжымалы құрамға қызмет көрсететін тасымалдаушының әкімшілік-басқару және өндірістік-техникалық персоналын даярлауға және біліктілігін арттыруға, еңбекті және қауіпсіздік техникасын қорғауға арналған шығыстар.

      8. Әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілері, жылжымалы құрам бойынша өртке қарсы іс-шараларға арналған шығыстар.

      9. Тасымалдаушының өндірістік-техникалық және әкімшілік-басқару персоналы үшін кеңсе тауарларына арналған шығыстар.

      10. Тасымалдау процесіне байланысты тасымалдаушы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі іссапарларға арналған шығыстары.

      11. Кәсіпорындардың қауіпсіздігін және әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін күзетті ұстауға арналған шығыстар.

      12. Автоинформаторларды, Бейнебақылау жүйелерін ұстауға арналған шығыстар.

      13. Жабдықтарды, станоктарды, стенділерді, электр қозғалтқыштарды, көтергіштерді, күш және технологиялық жабдықтарды, шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектер мен майлау материалдарын ұстауға және жөндеуге арналған шығыстар.

      14. Тез тозатын құралдар мен мүкәммалды жөндеуге және қалпына келтіруге арналған шығыстар.

      15. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге арналған қосалқы материалдарға (оттегі, ацетилен, кальций карбиді, сүрту материалдары) арналған шығыстар.

      16. Тасымалдау процесіне байланысты технологиялық қажеттіліктер үшін отын мен электр энергиясына арналған шығыстар.

      17. Шаруашылық және техникалық қызмет көрсету автомобильдерін, бензовоздарды, техникалық көмек автомобильдерін, қызметтік автокөлік құралдарын ұстауға арналған шығыстар (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу үшін отын, майлау және пайдалану материалдары, автомобиль резеңкесін жөндеу, қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге амортизация).

      18. Пайдалану, техникалық және өндірістік құжаттама бланкілеріне, жол парақтарына, автобус билеттеріне, түбіртектерге, билеттік құжаттама бланкілеріне, техникалық паспорттарға арналған шығыстар.

      19. Тасымалдау процесіне тартылған әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілері бойынша қоқыс пен қарды әкетуге арналған шығыстар, шаруашылық мұқтаждарға арналған материалдар.

      20. Отынды, майлау материалдарын тасымалдауға және оларды сақтауға арналған шығыстар.

      21. Кәсіпорынның балансында тұрмайтын орталықтандырылған бухгалтериялар орындайтын жұмыстарға ақы төлеуге арналған шығыстар.

      22. Тасымалдаушының жылжымалы құрамын тасымалдау процесінде туындаған пайдаланылған өнімдер мен өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған шығыстар.

      23. Тасымалдаушының балансындағы және тасымалдау процесіне тартылған автокөлік құралдарын ерікті сақтандыруға арналған шығыстар.

      24. Тасымалдаушының теңгеріміндегі және тасымалдау процесіне тартылған машиналардың, жабдықтардың, жиһаздың, компьютерлік техниканың, аспаптардың және өзге де негізгі құралдардың амортизациясына арналған шығыстар.

      25. Тасымалдаушының теңгеріміндегі және тасымалдау процесіне тартылған машиналарды, жабдықтарды, жиһаздарды, компьютерлік техниканы, құралдарды және өзге де негізгі құралдарды ұстауға және ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар.

      Үстеме шығыстардың есептік сомасы құны осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалатын әлеуметтік маңызы бар маршрутқа қызмет көрсетуге ғана қолданылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады