Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 12.04.2019 № 03 (ресми жарияланған күннен бастап, он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 42 бабының 3 тармағының 4) - тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 01 шешіміне (2014 жылы 23 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1028 болып тіркелген, 2014 жылғы 01 мамырындағы "Алматы ақшамы" № 52-53 және 2014 жылғы 01 мамырындағы "Вечерний Алматы" № 51-52 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасында:
№ 321 сайлау учаскесінің орталығы келесі редакцияда шығарылсын:
"Орталығы: № 94 бөбекжай балабақшасы, Сейфуллин даңғылы 293, телефон 380-61-46";
№ 349 сайлау учаскесінің орталығы келесі редакцияда шығарылсын:
"Орталығы: № 109 жалпы білім беретін мектеп, Гончаров көшесі 23, телефон 263-91-17";
№ 536 сайлау учаскесінің орталығы келесі редакцияда шығарылсын:
"Орталығы: № 148 мектеп-гимназиясы, "Құлагер" ықшам ауданы № 52А, телефон 239-96-63".
2. Осы шешім Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін, тіркелгеннен кейін ресми мерзімде баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі аппаратының ресми интернет–ресурсында жариялансын.
3. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жүргізу Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж. Садвакасоваға жүктелсін.
Жетісу ауданының әкімі | Т.Разақов |