Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 11.04.2019 № 01 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1030 болып енгізілген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 49-51 (4925) "Алматы ақшамы" және 2014 жылғы 29 сәуіріндегі № 49-50 (12726-12727) "Вечерний Алматы" газетінде ресми жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасындағы № 442, 443 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Қ. Қарсақбаеваға жүктелсін.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің м.а. | М. Тәжібаев |
Түрксіб ауданы әкімінің 2017 жылдың "_____"______ №______ шешіміне қосымша |
№ 442 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Земнухов көшесі, № 37 үй.
"Жол техникаларын жөндеу" Жауакершілігі шектеулі серіктестігі
Шекарасы: Сортировочная көшесі мен Харьков көшесінің қилысынан солтүстікке қарай Земнухов көшесіне дейін. Земнухов көшесімен шығысқа қарай Свободная көшесіне дейін, әрі Свободная көшесімен оңтүстікке қарай Сортировочная көшесіне дейін. Сортировочная көшесімен батысқа қарай Харьков көшесімен Сортировочная көшесінің қилысына дейін.
№443 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Волгоградская көшесі, 22 үй.
"№11 жалпы білім беретін мектеп" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Земнухов көшесінен бастап Харьков көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін, Бекмаханов көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Бейсебаев көшесіне дейін. Бейсебаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Тельман көшесіне дейін. Тельман көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Волгоград көшесіне дейін. Волгоград көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін. Бекмаханов көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Мойка-Қарасу өзеніне дейін. Өзен жағалауымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Балакирев көшесіне дейін. Балакирев көшесімен оңтүстік батысқа қарай Свободная көшесіне дейін. Свободная көшесімен солтүстікке қарай Земнухов көшесіне дейін.