1. "Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 12 тамызда № 3346 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Солтүстік Қазақстан" және 2015 жылғы 20 тамызда "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрі;
2) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
3) қаңғыбас жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары."
2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың Х сессиясының төрағасы |
В.Притчин |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В.Бубенко |