Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі N 36/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 тамызда N 3346 болып тіркелді.

      "Әкімшілік заң бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың
XXХVІ сессиясының төрағасы
С. Махметов
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Едіресов

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/7 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстау Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында жануарларды ұстаудың осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына, "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №16-02/701 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жануарларды ұстау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағиданың әрекеті меншік түріне, ведомстволық бағыныстылығына қарамай жануарларды меншікті немесе басқаша иеленуші, жануарларды өсіріп-өндірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын барлық жануарлар иелеріне, жеке және заңды тұлғаларға қатысты.

      3. Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрі;

      2) жануарлар – омыртқалы жануарлар;

      3) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 23.01.2017 № 10/5 шешімімен (алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.12.2023 № 9/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Жануарларды ұстау тәртібі

      4. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарларын өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, келесіні қамтамасыз ету қажет:
      1) ауыл шаруашылығы малдарды уақытылы бірдейлендіруді;
      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарларын уақытылы диагностикалаудан және вакцинациялаудан өткізуді;
      3) жануардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;
      4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен;
      5) көлік жолында жануарлармен өткен кезде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және оның жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жолдан өткен кезде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауы;
      6) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі.
      5. Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауды, көбейтуді, пайдалануды осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

      6. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес жануарлардың иелері (жеке және заңды тұлғалар) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;

      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы уақтылы хабарлайды және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 15.12.2023 № 9/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496 бұйрығына сәйкес тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орын ауыстыратын (тасымалданатын) жануарлар "Ветеринарлық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына сәйкес ветеринариялық құжаттар арқылы сүйемелденеді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) жануарларды ветеринариялық құжатсыз тасымалдауға (орнын ауыстыру) жол берілмейді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 14.12.2015 N 40/13 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Көпшілік пайдаланатын орындарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе белгіленген санитарлық аймақ шегінен тыс жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары және басқа жануарлар қараусыз жануарлар деп есептеледі және қамауға алуы мүмкін. Ұсталған қараусыз жануарларды ұстау, иесіне қайтару тәртібі және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабымен анықталады.

3. Қағиданың сақталуын бақылау

      9. Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендері аумағында жануарларды ұстау Қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

4. Қорытынды ережелер

      10. Осы Қағиданы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады