Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 26.02.2020 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 318 қаулысына (2016 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3896 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтік нәтижесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген "Спорт федерацияларын аккредиттеу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік), не осы регламенттің 4-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда - Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін уәкілетті лауазымды тұлғаның эленктрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) сендірілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама.
Қызметті алушы осы регламенттің 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) әрекет мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е. Сұлтанов |