Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 10095 тіркелді.

      "Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидасы бекiтiлсiн.

      2. "Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу өткізуге және аккредиттеу туралы куәлікті беруге арналған өтініштің нысанын және аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7349 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 121 бұйрығымен
бекітілген

Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібін айқындайды сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу", "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым.

      3. Спорт федерациясын аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту бойынша спорт федерацияларының заңдылығын тану рәсімі.

      4. Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      4-1. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

      5-1. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрінен (түрлерінен) тиісті аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы жоқ спорт түрінен (түрлерінен) республикалық немесе өңірлік спорт федерация аккредиттеуге жатады.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік-аумақтық бірлігінде тиісті аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы жоқ спорт түрінен (түрлерінен) жергілікті спорт федерация аккредиттеуге жатады.

      8. Спорт түрінен (түрлерінен) республикалық спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан филиалдары (өкілдіктері) және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Спорт түрінен (түрлерінен) өңірлік спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан филиалдары (өкілдіктері) және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Спорт түрінен (түрлерінен) жергілікті спорт федерациялары бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік-аумақтық бірлігінде жұмыс істейді.

      11. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібі

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін уәкілетті органға "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      "Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      14. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      15. Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      16. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:

      1) спорт федерациясын аккредиттеу;

      2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган оң шешім қабылдаған кезде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Уәкілетті органның бұйрығы негізінде бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі-куәлік) дайындау және қол қою жүзеге асырылады.

      20. Куәлік жоғалған жағдайда спорт федерациясы бұл туралы оны берген уәкілетті органға хабардар етеді және куәліктің телнұсқасын беру туралы портал арқылы өтініш береді.

      Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы уәкілетті органға портал арқылы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      21. "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінеді.

      "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      22. Жергілікті атқарушы орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      23. Жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      24. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарайды және қарау қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган:

      1) спорт федерациясын аккредиттеу;

      2) спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган оң шешім қабылдаған кезде спорт федерациясын аккредиттеу туралы бұйрық қабылдайды, теріс шешім болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Жергілікті атқарушы органның бұйрығы негізінде бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлікті дайындау және қол қою жүзеге асырылады.

      27-1. Куәлік жоғалған жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы оны берген жергілікті атқарушы органды хабардар етеді және куәліктің телнұсқасын беру туралы портал арқылы өтініш береді.

      Куәліктің телнұсқасын беруге өтініш берген кезде (егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген кезде спорт федерациясы куәлікті қайта ресімдеу туралы жергілікті атқарушы органға портал арқылы өтініш береді.

      Куәлікті қайта ресімдеуге өтініш берген кезде жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері бес жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұнын қарайды, сондай-ақ деректемелердің дұрыс толтырылуын тексереді. Талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      27-2. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұрау салуды) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландырылатын, Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.

      Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      27-3. Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган берілген куәліктерді тіркеуді жүргізеді.

      27-4. Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы:

      спорт түрін (түрлерін) ағымдағы жай - күйін және дамуын талдауды, соның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдарын құру және дамыту туралы;

      халықтың әртүрлі топтары арасында өткізілген және жоспарланған спорттық іс-шаралар бойынша;

      спорт жарыстарына және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың денсаулығын қорғауды және нығайту шарттары туралы;

      дене шынықтыру және спорт саласындағы спортшыларды, жаттықтырушыларды және мамандарды жаттығуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету туралы;

      спорт федерациясының қызметін қаржыландыру көздері туралы;

      спорт түрін (түрлерін) жақсарту бойынша ұсыныстар туралы ақпаратты қамтиды.

3-тарау. Спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлікті тоқтату, қайта жаңарту және қайтарып алу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Куәлікті тоқтатуға мыналар негіздеме болып табылады:

      1) аккредиттелген спорт федерациясы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтары, 12-бабының 2 және 4-тармақтарымен белгіленген талаптарды орындамауы немесе дұрыс орындамауы;

      2) спорт (түрі) түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламада қарастырылған іс-шаралар орындалмауы;

      3) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа спорт федерациясы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 7-бабына сәйкес республикалық немесе өңірлік мәртебесін сәйкесінше растамаса;

      4) спорт федерациясының және (немесе) оның филиалдарының әрекетсіздігі (мәліметке уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінен және оның аумақтық органдарынан тиісінше мәліметтерге жылына бір реттен жиілетпей сұрау салады).

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.06.2016 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.05.2017 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      30. Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрығында тоқтата тұруға негіз болған себептерді жою үшін мерзім белгіленеді.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Куәлікті тоқтату мерзімі алты айдан аспайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Тоқтата тұру үшін негіз болған себептерді уақтылы жойған кезде куәлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның бұйрығы негізінде қайта жаңартылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Куәлік мынадай жағдайларда қайтарылып алынады:

      1) уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімде куәлікті тоқтатуға негіздеме болған себептер жойылмаса;

      2) құқықтық мирасқорлықты қарастырмайтын қайта құру кезінде немесе спорт федерациясы таратылғанда.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.10.2015 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органның куәлікті тоқтата тұру, қайта бастау немесе кері қайтарып алу туралы шешімі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тиісті бұйрығымен шығарылады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті тоқтатқаны, қайта жаңартқаны, қайтарылып алынғандығы туралы спорт федерациясына жазбаша хабарлама жібереді.

      36. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен келіспеген жағдайда сот тәртібімен шағым жасалады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 4-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасының атынан Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының мүшелігін растайтын және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетінің танығандығы туралы растайтын құжат - сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымына мүшелігін растайтын және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжат - ұлттық спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациялары үшін;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.07.2022 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні;
спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.
Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 27-4-тармақтарымен көзделген талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Спорт федерацияларын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



      Спорт федерациясын аккредиттeу туралы

      КУӘЛIК

      №_____

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________________________

      (дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе

      жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және

      ________________________________________________________________________________

      және заңды мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе

      астана көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)

      дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.

      Мөр орны_____________________ __________________________________________________

      (қолы)                        (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы

      органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты)

      Берілген күні: 20 __ ж. "___" _______

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады