Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.04.2018 № 20/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3577 болып тіркелді, 2016 жылғы 28 қаңтардағы "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада, 3-тармақтың кестесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ХІІІ сессиясының төрағасы |
Ю.Белоног |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В.Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/3 шешіміне қосымша |
Р/с | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есеп көрсеткіші) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиды | 200 |
5. | Азот диоксиды | 200 |
6. | Күл | 240 |
7. | Күкіртті сутегі | 1240 |
8. | Меркаптан | 199320 |