1. "Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 3831 болып тіркелді, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Облыстың жергілікті атқарушы органы тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.";
мынадай тармақтармен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен:
"12-1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен:
"17-1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен:
"19-1. Су пайдаланушы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ХІІІ сессиясының төрағасы |
Ю. Белоног |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Бубенко |