Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 21.11.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
"Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелді) бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аудандары бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына арналған субсидиялар көлемдері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 21 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Әкімі | Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 277 қаулысына | |
қосымша |
2017 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аудандары бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына арналған субсидиялар көлемдері
Рет | Аудан атауы | Субсидиялардың жалпы көлемі, теңге | Соның ішінде: | |
гектарға (шілде) | тоннаға (желтоқсан) | |||
1 | Айыртау | 209 725 000 | 12 700 000 | 197 025 000 |
2 | Ақжар | 63 949 750 | 9 676 000 | 54 273 750 |
3 | Аққайың | 137 111 250 | 14 970 000 | 122 141 250 |
4 | Есіл | 185 703 000 | 8 928 000 | 176 775 000 |
5 | Жамбыл | 171 532 250 | 7 106 000 | 164 426 250 |
6 | Мағжан Жұмабаев | 250 784 750 | 29 546 000 | 221 238 750 |
7 | Қызылжар | 180 125 000 | 53 000 000 | 127 125 000 |
8 | Мамлют | 121 075 000 | 1 000 000 | 120 075 000 |
9 | Ғабит Мүсірепов атындағы | 319 073 250 | 25 032 000 | 294 041 250 |
10 | Тайынша | 615 164 250 | 57 258 000 | 557 906 205 |
11 | Тимирязев | 121 083 750 | 4 110 000 | 116 973 750 |
12 | Уәлиханов | 241 855 000 | 3 460 000 | 238 395 000 |
13 | Шал ақын | 87 147 750 | 3 876 000 | 83 271 750 |
Жиыны: | 2 704 330 000 | 230 662 000 | 2 473 668 000 |