Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16.07.2018 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және өсімдіктерді қорғау құралдарының 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 292 қаулысына (2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4266 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы жол 130 реттік нөмірімен мынадай редакцияда жазылсын:
130. | КИНЕТИК эмульсия концентраты | 12 000,00 | 3 060,00 |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
әкімі | Қ. Ақсақалов |