Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 3 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі 19-1 -бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 3 шешіміне (Мемлекеттік нормативтік-құқықтық тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 9 қазанда № 4337 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 қазанда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің атауы мемлекеттік тілінде мынадай редакцияда баяндалсын:
"Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы";
орыс тіліндегі шешімнің атауы өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық | |
маслихат сессиясының | |
төрағасы | Е.Баженов |
Петропавл қалалық | |
маслихат хатшысы | А. Бердағұлов |