"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2018 жылғы қаңтар - наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, ер азаматтарын әскерге шакыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 . Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.