2018 жылғы каңтар – наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында Қазақстан Республикасының ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 4411 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. 2018 жылғы қаңтар - наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, ер азаматтарын әскерге шакыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3 . Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Тұралинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс министрлігінің
"Солтүстіқ Қазақстан облысы
Ақжар ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р. Б. Байсалдин
2017 жылы 29 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады