"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 254 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында жылқылар арасында жұқпалы ринопневмония ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 6 шешімінің (2017 жылғы 15 мамырда "Есіл Өңірі" және "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 5 мамырда № 4176 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданның Шөптікөл ауылдық | |
округінің әкімі | А. Әжібаев |