Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырда № 4176 болып тіркелді. Куші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі әкімінің 10.07.2017 № 10 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

       "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 08-08/145 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі Шөптікөл ауылының "Жан-Сал" фермер қожалығы мал шаруашылығы фермасының аумағында жылқылар арасында жұқпалы ринопневмония ауруының туындауына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Әжібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады