Аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 192 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қыркүйекте № 4310 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы əкімдігінің 05.06.2020 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30 бабы 4 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Осы қаулының:

      1) аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін;

      2) аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының атқарушы органдарының қызметтік куәлігінің сипаттамасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ержан Алпысбайұлы Мұстафинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданының әкімі М.Әбішев

  1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілді

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібі

1. Жалпы бөлім

      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді және аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауданы атқарушы органдарының (бұдан әрі – ауданның мемлекеттік органдары) қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Ауданның мемлекеттік органының мемлекеттік қызметшісінің қызметтік куәлігі оның аудан әкімінің өкімімен, атқарушы орган басшысының бұйрығымен және ауылдық округ әкімінің өкімімен тағайындалған нақты атқарып отырған қызметін растайтын ресми құжат (бұдан әрі – Куәлік) болып табылады.

      3. Куәлік тиісті түрде ресімделмесе, түзетілген болса, әрекет ету мерзімі өтсе жарамсыз деп есептеледі.

      4. Куәлікке өкілетті тұлға қол қояды және ол барлық облыстық, аудандық (қалалық) мемлекеттік органдарға кіруге құқық береді.

2. Куәлікті беру тәртібі

      5. Куәліктер мына жағдайларда беріледі:

      1) аудан әкімінің қолы қойылған куәліктер Е-1, Е-2, E-3, Е-4, E-R-1 санатты мемлекеттік қызметшілерге;

      2) ауылдық округ әкімінің қолы қойылған куәліктер E-G-1, E-G-3, E-G-4 санатты мемлекеттік қызметшілерге;

      3) атқарушы орган басшысының қолы қойылған куәліктер E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5 санатты мемлекеттік қызметшілерге.

      6. Куәлік беру ауданның тиісті мемлекеттік органының жауапты қызметкеріндегі арнайы журналға қол қойғыза отыра жүзеге асырылады.

      7. Куәлік беруге аудан әкімінің өкімі, ауылдық округ әкімінің өкімі немесе атқарушы орган басшысының қызметке тағайындау туралы бұйрығы негіз болып табылады.

      8. Кейін жаңа қызметке тағайындалған немесе қызметтен босатылған жағдайда, бұрын берілген Куәлік үш күндік мерзімде ауданның тиісті мемлекеттік органының жауапты қызметкеріне қайтарылуы тиіс.

      9. Куәліктің әрекет ету мерзімі - берілген күнінен бастап мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінде қалған жағдайда 3 (үш) жыл.

      10. Куәліктің әрекет ету мерзімі аяқталған кезде мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінде қалған жағдайда, 2 (екі) жылға ұзартылады.

      11. Аудан әкімдігі әкімінің аппаратының басшысы, ауылдық округтердің әкімдері, атқарушы органдардың басшылары қол астындағы қызметкерлерде Куәліктің болуын тоқсанына 1 (бір) рет тексеріліп тұруын қамтамасыз етеді.

      12. Куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі шұғыл түрде ауданның тиісті мемлекеттік органының жауапты қызметкеріне болған оқиға жайлы жазбаша баяндайды, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды.

      13. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша мемлекеттік органының жауапты қызметкері қызметтік тергеу жүргізу туралы бұйрық немесе өкім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеу жүргізеді және оның нәтижесі бойынша тәртіптік комиссия кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      14. Жоғалған Куәлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады және мемлекеттік органының жауапты қызметкері хабарланады. Қызметтік тергеу жүргізілген соң мемлекеттік органының жауапты қызметкері жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлік береді.

      15. Куәлік бланктері қатаң есепке қойылатын бланк болып табылмайды.

      16. Куәлік бланктерін берудің есебін тиісті атқарушы органның кадрлық іс жүргізуді іске асыратын маманы нөмірленген, тігілген және атқарушы органының мөрі қойылған арнайы басталған есеп журналында (бұдан әрі –есеп журналы) жүргізеді.

      Есеп журналында келесі мәліметтер көрсетіледі:

      1) реттік тіркеу нөмірі;

      2) берілген күні;

      3) алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      4) лауазымы;

      5) алушының жеке басын куәландыратын құжат деректері;

      6) Куәлік берген қызметкердің қолы;

      7) алушының қолы;

      8) өзге де мәліметтер (жасы, жоғалту және т.б.)

      17. Куәліктерге нөмір оның есеп журналындағы реттік нөміріне сәйкес беріледі.

      Есеп журналындағы сандық қатар тура ретімен қойылады.

      18. Куәліктердің таза және бүлінген бланктері, қайтарылған Куәліктер және есеп журналы жанбайтын сейфте сақталады.

      19. Куәліктердің пайдаланылмаған, бүлінген бланктері, сондай-ақ тапсырылған Куәліктер қажеттілігіне қарай, жиналу шамасы бойынша кезеңмен тиісті акт жасала отыра жойылады. Жою актісін ауданның мемлекеттік органының басшысы бекітеді.

      20. Қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда, Куәлік бұл туралы есеп журналына белгі қойыла отыра тапсырылады.

      21. Куәлік жұмыстан босату кезінде жоғалса, Куәлікті есепке алуды жүргізетін тұлға Куәлік иесінің жұмыстан шығу парағына тиісті белгі қояды.

  2-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы№ 192 қаулысымен бекітілді

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдарының қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәлік мұқабасының өлшемі 19 х 6,5 сантиметр (ашылған күйде) көгілдір түсті сапасы бумвинил мұқабасымен қапталған материалдан жасалады.

      2. Куәліктің беткі жағының дәл ортасына алтын түспен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, төменірек типографиялық қаріппен "КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ" деп жазылған.

      3. Куәліктің ішкі жағындағы ақшыл аяда шеңбер ішінде күн мен қалықтап тұрған қыранның жасырын нысанын пайдалана отыра, көгілдір түсті қорғағыш тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі", "Акимат Есильского района Северо-Казахстанской области" деген жазбалар орналастырылған.

      4. Сол жақта: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның астында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазба және қазақ тіліндегі мәтін орналасқан. Төменде куәліктің әрекет ету мерзімі көрсетіледі.

      5. Оң жақта: мөлшері 2,5 х 3,5 сантиметр өлшеміндегі фотосурет (анфас, түрлі-түсті), сәйкесінше аудан әкімінің, ауылдық округ әкімінің, ауданның атқарушы органы басшысының қолы қойылған және елтаңбалы мөрмен расталған орыс тіліндегі мәтін.

Об утверждении Порядка выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", аппаратов акимов сельских округов, исполнительных органов Есильского района Северо-Казахстанской области, содержащихся за счет средств районного бюджета, и его описания

Постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 18 августа 2017 года № 192. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 15 сентября 2017 года № 4310. Утратило силу постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 5 июня 2020 года № 158

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 05.06.2020 № 158 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", акимат Есильского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      1) порядок выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", аппаратов акимов сельских округов, исполнительных органов Есильского района Северо-Казахстанской области, содержащихся за счет средств районного бюджета, согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) описание служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", аппаратов акимов сельских округов, исполнительных органов Есильского района Северо-Казахстанской области, содержащихся за счет средств районного бюджета, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области" Мустафина Ержана Алпысбаевича.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Есильского района
      Северо-Казахстанской области М.Абишев

  Приложение 1
Утвержден постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 18 августа 2017 года № 192

Порядок выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", аппаратов акимов сельских округов, исполнительных органов Есильского района Северо-Казахстанской области, содержащихся за счет средств районного бюджета

1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", аппаратов акимов сельских округов, исполнительных органов Есильского района, содержащихся за счет средств районного бюджета разработан в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяет порядок выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", аппаратов акимов сельских округов, исполнительных органов Есильского района Северо-Казахстанской области, содержащихся за счет средств районного бюджета (далее – государственные органы района).

      2. Служебные удостоверения государственных служащих государственных органов района является официальным документом, подтверждающим фактически занимаемые ими должности, на которые они назначены распоряжением акима района или приказом руководителя исполнительного органа района и распоряжением акима сельского округа (далее - Удостоверение).

      3. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

      4. Удостоверения подписываются уполномоченным лицом и дают их владельцам право входа во все структурные подразделения областных, районных (городских) государственных органов.

2. Порядок выдачи Удостоверения

      5. Удостоверения выдаются:

      1) за подписью акима района государственным служащим категории Е-1, Е-2, E-3, Е-4, E-R-1;

      2) за подписью акима сельского округа государственным служащим категории E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4;

      3) за подписью руководителя исполнительного органа государственным служащим категории E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5.

      6. Выдача Удостоверения осуществляется под роспись в специальном журнале, который находится у ответственного специалиста, соответствующего государственного органа района.

      7. Основанием для выдачи Удостоверения является распоряжение акима района, распоряжение акима сельского округа или приказ руководителя исполнительного органа района о назначении на должность.

      8. При последующем назначении на новую должность или освобождении от должности ранее выданные Удостоверения в трехдневный срок должны быть возвращены ответственному специалисту государственного органа.

      9. Срок действия Удостоверения - 3 (Три) года со дня выдачи, при условии сохранения за государственным служащим занимаемой им должности.

      10. При окончании срока действия Удостоверения, при условии сохранения за государственным служащим занимаемой им должности, оно подлежит продлению на 2 (Два) года.

      11. Руководитель аппарата акима акимата, акимы сельских округов, руководители исполнительных органов 1 (Один) раз в квартал обеспечивают проверку наличия Удостоверений у подчиненных работников.

      12. В случае утраты или порчи Удостоверения его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме о случившемся ответственного специалиста государственного органа, подает объявление в средства массовой информации.

      13. По каждому факту утраты, порчи Удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, ответственный специалист государственного органа в течение десяти рабочих дней со дня издания распоряжения или приказа о проведении служебного расследования, проводит служебное расследование, по результатом которого дисциплинарная комиссия рассматривает вопрос о привлечении к дисциплинарной ответственности.

      14. Утерянные Удостоверения через средства массовой информации объявляется недействительным, о чем информируется ответственный специалист государственного органа. Новое Удостоверение взамен утерянного выдается ответственным специалистом государственного органа после проведения служебного расследования.

      15. Бланки Удостоверения не являются бланками строгой отчетности.

      16. Учет выдачи бланков Удостоверений ведется ответственным специалистом государственного органа, в специально заведенном журнале учета, который должен быть пронумерован, прошнурован и скреплен печатью соответствующего исполнительного органа (далее - журнал учета).

      В журнале учета указываются следующие сведения:

      1) порядковый регистрационный номер;

      2) дата выдачи;

      3) фамилия, имя, отчество (при наличии) получателя;

      4) должность;

      5) данные документа, удостоверяющего личность получателя;

      6) подпись работника, выдавшего Удостоверение:

      7) подпись получателя;

      8) прочие сведения (возраст, утеря и.т.д.)

      17. Номер Удостоверению присваиваются согласно его порядковому номеру в журнале учета.

      Нумерация в журнале учета применяется сквозная.

      18. Чистые и испорченные бланки Удостоверений, возвращенные Удостоверения и журнал учета хранятся в несгораемом сейфе.

      19. При необходимости неиспользуемые, испорченные бланки Удостоверений, а также сданные Удостоверения, периодически, по мере накопления, подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта в произвольной форме. Акты на уничтожение утверждаются руководителем коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", акимами сельских округов, руководителями исполнительных органов Есильского района Северо-Казахстанской области государственного органа района.

      20. При увольнении сотрудника Удостоверение сдается с отметкой об этом в журнале учета.

      21. В случае утери Удостоверения при увольнении, лицо, ведущее учет выдачи Удостоверения, производит соответствующую отметку в обходном листе владельца Удостоверения.

  Приложение 2
Утвержден постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 18 августа 2017 года
  №192

Описание служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима акимата Есильского района Северо-Казахстанской области", аппаратов акимов сельских округов, исполнительных органов Есильского района Северо-Казахстанской области, содержащихся за счет средств районного бюджета

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из бумвинилового переплета покровного переплетным материалом голубого цвета, размером 19 х 6,5 сантиметров (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      3. На внутренней стороне удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі", "Акимат Есильского района Северо-Казахстанской области".

      4. На левой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "КАЗАҚСТАН" и текст на казахском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения.

      5. На правой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 2,5 х 3,5 сантиметра, текст на русском языке, заверенный подписью соответственно акима района, акима сельского округа, руководителя исполнительного органа района и гербовой печатью.