"Аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 192 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 158 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 маусымда № 6338 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабының 2- тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 - бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық бюджет қаражаты есебінен қамтылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарының, атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 192 қаулысының (2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4310 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады