"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14881 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін;
2) әкімнің осы шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) оны ресми жариялағаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында осы шешімді орналастыру.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Еділ Мейрамұлы Тұтқышевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.