"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, 2017 жылғы 02 казандағы № 09-11/136 Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынысу негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің Ясновка ауылы "Московский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді қара малдар арасында жұқпалы ринотрахеит бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ясновка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 04 тамыздағы № 5 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің Ясновка ауылы "Московский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді қара малдар арасында жұқпалы ринотрахеит бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4287 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 15 тамыздағы жарияланған) шешімі күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С.Шаймергенов |