Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округі әкімінің 24.11.2017 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабы 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 09-13/85 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ясновка ауылдық округінің Ясновка ауылында "Московский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі мүйізді қара малдар арасында жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты жалпы сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ясновка ауылдық | |
округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Тұтқабаева |