Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 9/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 4086 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 36/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 16.07.2019 № 36/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет әлеуметтік көмек ұсынылсын.

      2. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен осы мақсаттарға қаржылық жылында қарастырылған 451.004.000 функционалдық сыныптама тобы бойынша өндірілсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы
мәслихатының кезекті
ІХ сессиясының төрағасы
В.Волков
      Жамбыл ауданы
мәслихатының хатшысы
Б.Мұсабаев

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жамбылского района

Решение Жамбылского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 20 февраля 2017 года № 9/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 10 марта 2017 года № 4086. Утратило силу решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 16 июля 2019 года № 36/3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 16.07.2019 № 36/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", маслихат Жамбылского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Предоставить социальную помощь на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жамбылского района в размере одного месячного расчетного показателя, один раз в год.

      2. Финансирование социальной помощи производить за счет средств местного бюджета, предусмотренных на эти цели в финансовом году по коду функциональной классификации расходов 451.004.000.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Председатель
IX очередной сессии маслихата
Жамбылского района
В. Волков
      Секретарь маслихата
Жамбылского района
Б.Мусабаев