Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар аудандық | |
мәслихаты сессиясының | |
төрағасы | Н. Рахимов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Молдахметова |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №20/2 шешіміне | |
1 қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Бескөл ауылында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларына ұсынылатын түзету коэффициенттері
Аймақ № п/б | Транспорттық қолжетімділік | Қызметтік транспорт | Орталықтан алшақтығы | Функционалдық аймақтау | Абаттандырылуы | Инженерлік желілер мен коммуникациялар | Рельеф | Қөғалдандырылуы | Жерасты сулары | Орташа коэффициент |
I | 1,1 | 0,8 | 1,4 | 1,5 | 1,2 | 1,3 | 1,8 | 1,8 | 1,8 | 1,4 |
II | 1,0 | 0,5 | 1,4 | 1,3 | 1,0 | 1,1 | 1,8 | 1,8 | 1,8 | 1,3 |
III-1 | 1,0 | 0,5 | 1,0 | 1,3 | 1,1 | 1,1 | 1,7 | 1,0 | 1,8 | 1,2 |
III-2 | 1,0 | 0,5 | 1,0 | 1,3 | 1,0 | 1,1 | 1,7 | 1,0 | 1,8 | 1,2 |
III-3 | 1,0 | 0,5 | 1,5 | 1,2 | 1,0 | 1,1 | 1,7 | 1,0 | 1,8 | 1,2 |
IV-1 | 1,0 | 0,5 | 0,7 | 0,8 | 1,0 | 1,1 | 1,6 | 1,2 | 1,7 | 1,1 |
IV-2- | 1,0 | 0,5 | 0,7 | 0,8 | 1,0 | 1,1 | 1,6 | 1,2 | 1,7 | 1,1 |
V | 1,0 | 0,5 | 1,5 | 1,2 | 1,2 | 1,1 | 1,7 | 1,8 | 1,8 | 1,3 |
VI-1 | 0,8 | 0,5 | 0,7 | 0,8 | 0,8 | 0,6 | 1,8 | 1,0 | 1,8 | 1,0 |
VI-2 | 0,8 | 0,5 | 0,7 | 0,8 | 0,7 | 0,6 | 1,8 | 1,0 | 1,8 | 1,0 |
VI-3 | 0,8 | 0,5 | 0,7 | 0,8 | 0,7 | 0,6 | 1,8 | 1,0 | 1,7 | 1,0 |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 20/2 шешіміне | |
2 қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының бағалау аймағының шекарасы
№ аймағы | Аймақ шекарасының сипаттамасы |
I | I аймақ Бескөл ауылының орталық бөлігін алады. Солтүстік жағынан шекара аймағы елді мекен кварталының шекарасы бойынша өтеді, шығыс жағынан - Республикалық маңыздағы "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының бойы, оңтүстік жағынан - Институт көшесі бойынша және батыс жағынан - Спортивная көшесі бойынша, Комарова көшесі бойынша - шығысқа қарай ауысады, содан кейін батысқа қарай Рабочая көшесі бойынша ауысады және 70 лет Октября көшесі бойынша шығысқа қарай бұрылады. |
II | ІІ аймақ Бескөл ауылының батыс бөлігінде орналасқан. Аймақ шекарасының солтүстік жағынан Степан Разин көшесінің соңынан 70 лет Октября көшесіне ауысады, шығыс жағынан – көшелері бойынша: 70 лет Октября, Рабочая, Комарова, содан кейін Ыбраев көшесі бойынан Спортивная көшесіне, оңтүстік жағынан - Спортивная көшесі соңынан Береговая көшесі бойынша және батыс жағынан - Береговая көшесі бойынша, содан кейін Ыбраев көшесі бойынан Новая көшесіне, Монтажников көшесіне ауысып, Степан Разин көшесінің аяқталуына дейін. |
III-1 | III-1 аймағы Бескөл ауылының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағына Аудандық автожол көшесінен өтеді, шығыс жағынан –Қонаев көшесі бойынша, оңтүстік жағынан - "Астана-Петропавл Көкшетау қаласы арқылы" республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойымен және батыс жағынан - "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойымен. |
III-2 | III-2 аймағы Бескөл ауылының солтүстік-шығыс жағында орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы елді мекенінің кадастрлық квартал шекарасы бойынша және Т. Мұсабаев және Зеленая көшелері бойынша өтеді, шығыс жағынан – Энтузиаст, К.Сүтішев көшелері аяғынан бастап және елді мекеннің кадастрлық квартал шекарасы бойынша, оңтүстік жағынан - Әбілхайыр хан көшесі бойынша, Зеленая көшесі бойынша ауысады және Есенин көшесі бойынша өтеді, Пушкин көшесі бойынша бұрылады, және батыс жағынан – "Жезқазған - Петропавл" республикалық маңызды автомобиль жолы бойымен. |
III-3 | III-3 аймақ Бескөл ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы Институт көшесі бойынша өтеді, шығыс жағынан - "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңыздағы автомобиль жолы бойымен, оңтүстік жағынан – егістік жолы бойынша, "аппаты" қоқыс арасымен және "Аби Жер" жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің нефтебазасы және батыс жағынан - Спортивная көшесі бойынша. |
IV-1 | IV-1 аймағы Бескөл ауылының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара Джамбул көшесі бойынша өтеді, шығыс жағынан - Степан Разин көшесі бойынша, Монтажников көшесі бойынша Новая көшесіне ауысады, оңтүстік жағынан - Ыбраев көшесі бойынша және батыс жағынан - Береговая көшесі бойынша. |
IV-2 | IV-2 аймағы Бескөл ауылының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы Жұмабаев көшесі бойынша өтеді, шығыс жағынан - Б.Момышұлы көшесі бойынша, оңтүстік жағынан - Алтынсарин көшесі бойынша, Некрасов көшесіне ауысады және "Астана-Петропавл Көкшетау қаласы арқылы" республикалық автомобиль жолы бойымен өтеді және батыс жағынан - Қонаев көшесі бойынша. |
V | V аймағы Бескөл ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы Пушкин және Есенин көшелері бойынша өтеді, Әбілхайыр көшесі бойынша ауысады, шығыс жағынан - елді мекенінің кадастрлық квартал шекарасы бойынша, оңтүстік жағынан – Аудандық автожол көшесі бойынша және батыс жағынан - "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңыздағы автомобиль жолы бойымен. |
VI-1 | VI-1 аймағы Бескөл ауылының батыс бөлігінде орналасқан, елді мекеннің құрылыс салынған бөлігінен батысқа қарай. |
VI-2 | VI-1 аймағы Бескөл ауылының солтүстік-шығысы бөлігінде орналасқан, елді мекеннің құрылыс салынған бөлігінен солтүстікке қарай. |
VI-3 | VI-3 аймағы Бескөл ауылының оңтүстік-шығысы бөлігінде орналасқан, елді мекеннің құрылыс салынған бөлігінен шығысқа қарай. |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 20/2 шешіміне | |
3 қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттер
Аймақтың | Жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттер |
I | 1,4 |
II | 1,3 |
III-1 | 1,2 |
III-2 | 1,2 |
III-3 | 1,2 |
IV-1 | 1,1 |
IV-2 | 1,1 |
V | 1,3 |
VI-1 | 1,0 |
VI-2 | 1,0 |
VI-3 | 1,0 |