Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 20/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 4366 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызылжар аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы Н. Рахимов
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Қызылжар аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Молдахметова

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №20/2 шешіміне
  1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

     


Бескөл ауылында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларына ұсынылатын түзету коэффициенттері

Аймақ № п/б

Транспорттық қолжетімділік

Қызметтік транспорт

Орталықтан алшақтығы

Функционалдық аймақтау

Абаттандырылуы

Инженерлік желілер мен коммуникациялар

Рельеф

Қөғалдандырылуы

Жерасты сулары

Орташа коэффициент

I

1,1

0,8

1,4

1,5

1,2

1,3

1,8

1,8

1,8

1,4

II

1,0

0,5

1,4

1,3

1,0

1,1

1,8

1,8

1,8

1,3

III-1

1,0

0,5

1,0

1,3

1,1

1,1

1,7

1,0

1,8

1,2

III-2

1,0

0,5

1,0

1,3

1,0

1,1

1,7

1,0

1,8

1,2

III-3

1,0

0,5

1,5

1,2

1,0

1,1

1,7

1,0

1,8

1,2

IV-1

1,0

0,5

0,7

0,8

1,0

1,1

1,6

1,2

1,7

1,1

IV-2-

1,0

0,5

0,7

0,8

1,0

1,1

1,6

1,2

1,7

1,1

V

1,0

0,5

1,5

1,2

1,2

1,1

1,7

1,8

1,8

1,3

VI-1

0,8

0,5

0,7

0,8

0,8

0,6

1,8

1,0

1,8

1,0

VI-2

0,8

0,5

0,7

0,8

0,7

0,6

1,8

1,0

1,8

1,0

VI-3

0,8

0,5

0,7

0,8

0,7

0,6

1,8

1,0

1,7

1,0


  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 20/2 шешіміне
  2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының бағалау аймағының шекарасы

№ аймағы

Аймақ шекарасының сипаттамасы

I

I аймақ Бескөл ауылының орталық бөлігін алады. Солтүстік жағынан шекара аймағы елді мекен кварталының шекарасы бойынша өтеді, шығыс жағынан - Республикалық маңыздағы "Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының бойы, оңтүстік жағынан - Институт көшесі бойынша және батыс жағынан - Спортивная көшесі бойынша, Комарова көшесі бойынша - шығысқа қарай ауысады, содан кейін батысқа қарай Рабочая көшесі бойынша ауысады және 70 лет Октября көшесі бойынша шығысқа қарай бұрылады.

II

ІІ аймақ Бескөл ауылының батыс бөлігінде орналасқан. Аймақ шекарасының солтүстік жағынан Степан Разин көшесінің соңынан 70 лет Октября көшесіне ауысады, шығыс жағынан – көшелері бойынша: 70 лет Октября, Рабочая, Комарова, содан кейін Ыбраев көшесі бойынан Спортивная көшесіне, оңтүстік жағынан - Спортивная көшесі соңынан Береговая көшесі бойынша және батыс жағынан - Береговая көшесі бойынша, содан кейін Ыбраев көшесі бойынан Новая көшесіне, Монтажников көшесіне ауысып, Степан Разин көшесінің аяқталуына дейін.

III-1

III-1 аймағы Бескөл ауылының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағына Аудандық автожол көшесінен өтеді, шығыс жағынан –Қонаев көшесі бойынша, оңтүстік жағынан - "Астана-Петропавл Көкшетау қаласы арқылы" республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойымен және батыс жағынан - "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойымен.

III-2

III-2 аймағы Бескөл ауылының солтүстік-шығыс жағында орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы елді мекенінің кадастрлық квартал шекарасы бойынша және Т. Мұсабаев және Зеленая көшелері бойынша өтеді, шығыс жағынан – Энтузиаст, К.Сүтішев көшелері аяғынан бастап және елді мекеннің кадастрлық квартал шекарасы бойынша, оңтүстік жағынан - Әбілхайыр хан көшесі бойынша, Зеленая көшесі бойынша ауысады және Есенин көшесі бойынша өтеді, Пушкин көшесі бойынша бұрылады, және батыс жағынан – "Жезқазған - Петропавл" республикалық маңызды автомобиль жолы бойымен.

III-3

III-3 аймақ Бескөл ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы Институт көшесі бойынша өтеді, шығыс жағынан - "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңыздағы автомобиль жолы бойымен, оңтүстік жағынан – егістік жолы бойынша, "аппаты" қоқыс арасымен және "Аби Жер" жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің нефтебазасы және батыс жағынан - Спортивная көшесі бойынша.

IV-1

IV-1 аймағы Бескөл ауылының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара Джамбул көшесі бойынша өтеді, шығыс жағынан - Степан Разин көшесі бойынша, Монтажников көшесі бойынша Новая көшесіне ауысады, оңтүстік жағынан - Ыбраев көшесі бойынша және батыс жағынан - Береговая көшесі бойынша.

IV-2

IV-2 аймағы Бескөл ауылының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы Жұмабаев көшесі бойынша өтеді, шығыс жағынан - Б.Момышұлы көшесі бойынша, оңтүстік жағынан - Алтынсарин көшесі бойынша, Некрасов көшесіне ауысады және "Астана-Петропавл Көкшетау қаласы арқылы" республикалық автомобиль жолы бойымен өтеді және батыс жағынан - Қонаев көшесі бойынша.

V

V аймағы Бескөл ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағынан шекара аймағы Пушкин және Есенин көшелері бойынша өтеді, Әбілхайыр көшесі бойынша ауысады, шығыс жағынан - елді мекенінің кадастрлық квартал шекарасы бойынша, оңтүстік жағынан – Аудандық автожол көшесі бойынша және батыс жағынан - "Жезқазған-Петропавл" республикалық маңыздағы автомобиль жолы бойымен.

VI-1

VI-1 аймағы Бескөл ауылының батыс бөлігінде орналасқан, елді мекеннің құрылыс салынған бөлігінен батысқа қарай.

VI-2

VI-1 аймағы Бескөл ауылының солтүстік-шығысы бөлігінде орналасқан, елді мекеннің құрылыс салынған бөлігінен солтүстікке қарай.

VI-3

VI-3 аймағы Бескөл ауылының оңтүстік-шығысы бөлігінде орналасқан, елді мекеннің құрылыс салынған бөлігінен шығысқа қарай.


  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 20/2 шешіміне
  3 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттер

Аймақтың

Жер учаскелеріне базалық мөлшерлемелер төлеміне түзету коэффициенттер

I

1,4

II

1,3

III-1

1,2

III-2

1,2

III-3

1,2

IV-1

1,1

IV-2

1,1

V

1,3

VI-1

1,0

VI-2

1,0

VI-3

1,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады