Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мəслихатының 19.03.2020 № 37-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 қарашадағы № 7-1 шешімі ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 30 қарашада№ 3946 болып тіркелді);
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 қарашадағы № 7-1шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 10-5 шешімі ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 24 наурызда жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 18 наурызда № 4110 болып тіркелді).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихаты сессиясының | |
төрағасы | Л. Симбирцева |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
мәслихатының хатшысы | Т. Әбілмәжінов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 2 маусымдағы № 11-6 шешімімен бекітілді |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 30 қарашада № 72682 болып тіркелді) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде Мағжан Жұмабаев ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы(бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) атаулы күндер –жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округ немесе Булаев қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі және әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндерге әлеуметтік көмек мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісуі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген санаттардың бірі бойынша жылына бір рет көрсетіледі.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауданның жергілікті өкілетті органдарының шешімімен бекітіледі.
8. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер бекітілген тізбесін басшылыққа алады.
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі шартты ақшалай көмекті қоспағанда, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
10. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1)–13) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көрсетіледі.
11. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 14) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, ұсынылған шот-фактураға сәйкес құн мөлшерінде (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір рет көрсетіледі.
12. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 15) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі.
13. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.
14. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17) тармақшасында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) кірістер есебінсіз, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын денсаулық сақтау мекемесінен анықтама және тізім ұсынылған жағдайда көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өткен ай үшін жүргізіледі.
15. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) кірістер есебінсіз, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көрсетіледі.
16. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) кірістер есебінсіз, 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көрсетіледі.
17. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасына) осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) кірістер есебінсіз, ұсынылған билеттерге сәйкес ауруханаға дейін жол құны мөлшерінде біржолғы көрсетіледі.
18. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шартты әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы және үш айға есептеп шығарылады.
Сонымен бірге жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 5757 болып тіркелді) бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептеледі.
19. Өтініш беру айы болып өтінішке қоса құжаттарды беру айы есептеледі.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
20. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
21. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
22. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
23. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күннің ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) матиериалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.
24. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күнінен бастап екі жұмыс күннің ішінде өтініш беруші жөнінде тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, Үлгілік Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды ауылдық округ, Булаев қаласы әкіміне жібереді.
Ауылдық округ, Булаев қаласы әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
25. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
26. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
27. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ, Булаев қаласы әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
28. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
29. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
30. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
31. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған күннен алты айдан кешіктірмей ұсынылады.
32. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы ауданның жергілікті өкілетті органымен белгіленген шектен артқан.
Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектің тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер
33. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Мағжан Жұмабаев ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
34. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
35. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Атаулы күндердің және мереке күндерініңтізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі
№ | Атаулы күндердің және мереке күндерінің тізбесі | Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі) |
1 | 15 ақпан – "Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні" | Жылына 1 рет |
2 | 8 наурыз – "Халықаралық әйелдер күні" | Жылына 1 рет |
3 | 26 сәуір – "Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні" | Жылына 1 рет |
4 | 7 мамыр – "Отан қорғаушылар күні" | Жылына 1 рет |
5 | 9 мамыр – "Жеңіс күні" | Жылына 1 рет |
6 | 31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні" | Жылына 1 рет |
30 тамыз – "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" | Жылына 1 рет |
Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, оның еселігі, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
р/с № |
Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері | Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не мүлкіне зиян келтірілген азаматтар (отбасылары) | 100 айлық есептік көрсеткіш, біржолғы | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен 6 айдан кешіктірмей |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 26.11.2018 № 24-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1) жетiмдiк;
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық даму мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) пробация қызметінің есебінде болуы;
12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
14) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;
15) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
16) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
17) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың тоқсан сайынғы мұқтаждығы;
18) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
19) Булаев қаласына тұрақты жұмысқа келген жоғары медициналық оқу орындарының түлектерінің әлеуметтік көмекке мұқтаждығы;
20) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің, жалпы аурудан 1, 2, 3-топ мүгедектерінің, мүгедек балалардың және мүгедек балаларды алып жүретіндер азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында, жол жүру құжатын көрсете отыра, теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы.