Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 37-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 6137 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 24.10.2023 № 7-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 2 маусымдағы № 11-6 шешімі (2017 жылғы 30 маусымда "Мағжан жұлдызы" және "Вести" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 2 маусымдағы № 11-6 шешімі (2018 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 30 қарашада № 5010 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ж. Хайдарова
      Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Абильмажинов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты 2020 жылғы 19 наурызы № 37-4 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (будан әрі-үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Мағжан Жұмабаев ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Солтүтік Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен қаржылық кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін, ауылдық округтер, Булаев қаласы әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, сондай – ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек болып түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Атаулы күндер мен мереке күндер тізбесі сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы орган белгілейді және ауданның жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.

      9. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Әлеуметтік көмек азаматтарға осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1)-15) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.

      12. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 16) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, кезектілік ретімен ұсынылған шот-фактураға сәйкес тіс протездеу құны мөлшерінде (бағалы металлдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа) 3 жылда бір рет көрсетіледі.

      13. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 17) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, кезектілік ретімен санаторлық-курорттық емделу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтындай, кезек бойынша көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет көрсетіледі

      15. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 19) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын көрсетіледі.

      16. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша емдеуге жатқызуға жол құны ұсынылған билеттерге сәйкес кірістер есебінсіз бір рет көрсетіледі.

      17. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 9-бабының 1-тармағында көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жеке тұрғын үй салу үшін 40 (қырық) тығыз текше метрден артық болмайтын мөлшерде қабығы алынбаған іске жарамды сүрек түбірі құнының елу пайыз төлемі түрінде бір рет беріледі.

      18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 22) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредттерінің иегері болмай қалған жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аз қамтылған отбасылардың стденттеріне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра, әр семестр үшін оқу құны ұсынылады.

      19. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 23) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) шақырылған ауруы бар балаларға екі еселік күнкөріс мөлшерінде бір рет көрсетіледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      20. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      21. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің, Булаев қаласы әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) Осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      22. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      23. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілетін әлеуметтік көмекке өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің, Булаев қаласының әкімі бір жұмыс күннің ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) матиериалдық жағдайын тексеру үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      24. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күнінен бастап екі жұмыс күннің ішінде өтініш беруші жөнінде тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, осы Қағидалардың 5, 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды ауылдық округ, Булаев қаласы әкіміне жібереді.

      Ауылдық округ, Булаев қаласы әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      26. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      27. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ, Булаев қаласы әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      28. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      29. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе Булаев қаласы, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      30. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      31. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы ауданның жергілікті өкілетті органымен белгіленген шектен артқан.

      32. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына сомаларды уәкілетті органдардың аударуы жолымен жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмектің тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер

      33. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Мағжан Жұмабаев ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      34. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      35. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

Атаулы күндерді мен мереке күндері

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1.

15 ақпан –Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

Жылына 1 рет

2.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Жылына 1 рет

3.

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні

Жылына 1 рет

4.

7 мамыр – Отанды қорғау күні

Жылына 1 рет

5.

9 мамыр – Жеңіс күні

Жылына 1 рет

6.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні

Жылына 1 рет

7.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Жылына 1 рет

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Әлеуметтік көмек алушылар санаты

Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азамат (отбасы) не оның мүлікі

100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш, біржолғы

Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен алты айдан кешіктірмей

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3-қосымша

Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;

      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;

      4) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      5) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      7) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      11) пробация қызметінің есебінде болуы;

      12) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;

      14) 3-4 сатыдағы онкологиялық дертке шалдыққан адамдарға, сатысын есепке алмағанда 18 жасқа толмаған адамдарға, денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсыну бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаждығы;

      15) Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы толық емес отбасылардың көмек көрсетуге мұқтаждығы

      16) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;

      17) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9 және 20-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың және тылда жұмыс істеген азаматтардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;

      18) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;

      19) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, амбулаторлық емделуде жүрген, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтардың қосымша күшейтілген тамақтануға қажеттілігі;

      20) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендердің, жалпы аурудан 1, 2, 3-топ мүгедектерінің, мүгедек балалардың және мүгедек балаларды алып жүретіндер азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында, жол жүру құжатын көрсете отыра, теміржол (плацкартты вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;

      21) Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнің, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 9-бабының 1-тамағында көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының жеке тұрғын үй салу үшін қабығы алынбаған іске жарамды түбірімен сүрекке мұқтаждығы;

      22) Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан жоғарғы кәсіби білім беру ұйымдарында күндізгі оқу түрінде оқытып жатқан аз қамтамасыз етілген отбасыларда, мемлекеттік жалпы білім беру гранттары мен кредттерінің иегерлері емес студенттердің бар болуы;

      23) денсаулық сақтау мекемесінен анықтама ұсынуымен, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) шақырылған ауру-сырқаты бар балалардың үнемі күтім және қосымша күшейтілген тамақтануға мұқтаждығы.

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 4-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер _____________________________ ___________________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы

















      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә. __________________________________________ (қолы)

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 5-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20__ж. "___"__________

      ____________________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ______________________________________ 2. Тұратын мекенжайы _________________________________________ ___________________________________________________________ 3. Өмірдегі қиын жағдайлардың болуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке жүгінді

      _________________________________________________________________________________ 1. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) _________________________________________________________________________________ адам, оның ішінде:

р/с №

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіби даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдайы

      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ________адам. Балалардың саны: _______________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): ______________________________________________________________________________ Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ Отбасының табысы:

р/б №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына







      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________________________________________________ ______________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) 7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі) __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 9. Балалардың оқу құралдарымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________________________________ 10. Тұратын жерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________ Комиссия мүшелері: ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ ________________________ (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: ____________________________________ Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын _______________________________________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні _________________________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 6-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) ______________________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ______________________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасына) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады Комиссия төрағасы: __________________ _______________________ Комиссия мүшелері: __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ (қолдары) (Т.А.Ә.) Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ________ қабылданды Құжаттарды қабылдаған Булаев қаласы, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады