Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 3.07.2021 № 6-19 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А.ТалкачҰв |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы |
Т. Әбілмәжінов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № 14-2 шешімімен бекітілген |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқару Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.
4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органмен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілетті және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көліктері және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленеді.
5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
3. Қорытынды ережелер
10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.