"Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 12/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 4042 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізбесінде 2012 жылғы 23 қазанда № 1908 тіркелген, 2012 жылғы 9 қарашадағы "Знамя труда" аудандық газетте, 2012 жылғы 23 қарашадағы "Солтүстік Жұлдызы" аудандық газетте жарияланған) төмендегі өзгеріс енгізілсін:

      қөрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Д. Могунова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2017 жылғы 27 қаңтар
В. Артимович
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2017 жылғы 27 қаңтар
А. Биктимиров
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2017 жылғы 27 қаңтар
Қ. Әмірин

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 12/3 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешімімен бекітілді

Мамлют ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы

1. Жалпы қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Мамлют ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) төлемдер үшін ұсынылады:

      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін;

      3) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдалануға төлем.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

2. Мамлют ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін берудің шарттары мен тәртібі

      2. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – Мамлют ауданның тұрғындары үшін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған меншік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсу бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуы отбасының (азаматтың) барлық орта айлық жиынтық кірісіне 10 пайыз мөлшерде белгіленеді.

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі анықталды.

      4. Жеке меншігінде бір бірліктен артық баспанасы (пәтерлер, үйлер) бар немесе тұрғын үй бөлмелерін немесе көлік құралдарын жалға беретін тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      5. Компенсациялық шаралармен қамтылатын тұрғын үй-жайдың ауданы бір адамға 18 шаршы метр, жалғызілікті азаматтарға 30 шаршы метрден кем емес мөлшерде қабылданады.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

      3) Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;

      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін және түпнұсқасын табыстайды. Өкілетті органның жауапты адамы құжаттардың түпнұскаларын көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға сол арада қайтарады.

      7. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25 күніне дейін қабылданады.

      Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсыру сәтінен он күнтізбелік күн ағымында тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас барту туралы мәлімдеме қабылдайды.

      8. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифы мен нормасын жабдықтаушылар ұсынады.

      9. Егер де телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісі өзгерсе ертеде тағайындалған көмекке қайта есептеу жасалады.

3. Тұрғын үй көмегін алушы үміткер отбасының (азаматтың) кіріс жиынтығын есептеу

      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеуі, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша өкілетті органмен, өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанның жиынтық табысы Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 тіркелді) № 471 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      11. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде сәйкес қаржылық жылға қарастырылған қаражат бөлігінде жүзеге асырылады.

      12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы алушыларға есептелген сомаларды дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

О внесении изменения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1 "О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе"

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 января 2017 года № 12/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 6 февраля 2017 года № 4042. Утратило силу решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 17 апреля 2019 года № 49/3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 17.04.2019 № 49/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. В решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1 "О Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1908 от 23 октября 2012 года, опубликовано 9 ноября 2012 года в районной газете "Знамя труда", 23 ноября 2012 года в районной газете "Солтүстік Жұлдызы") следующее изменение:

      Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель
сессии маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Д. Могунова
      Секретарь маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Р. Нурмуканова
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель
государственного учреждения
"Отдел занятости и
социальных программ
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
27 января 2017 года
В. Артимович
      Руководитель
государственного учреждения
"Отдел экономики и финансов
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
27 января 2017 года
А. Биктимиров
      Руководитель
государственного учреждения
"Отдел жилищно-коммунального
хозяйства, пассажирского
транспорта и автомобильных
дорог Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
27 января 2017 года
К. Амирин

  Приложение к решению маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 января 2017 года № 12/3
  Утверждены решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 сентября 2012 года № 6/1

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе

1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим на территории Мамлютского района на оплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из выше указанных направлений.

2. Условия и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Мамлютском районе

      2. Доля предельно-допустимых расходов является отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) для жителей Мамлютского района устанавливается в размере 10 процентов.

      3. Уполномоченным органам по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      4. Лица, имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения или транспортные средства в наем (аренду), утрачивают право на получение жилищной помощи.

      5. Площадь жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами принимается в размере 18 квадратных метров на человека, для одиноко проживающих граждан не более 30 квадратных метров.

      6. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (далее -заявитель) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи и представляет следующие документы:

      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;

      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;

      3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;

      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      6) счета на потребление коммунальных услуг;

      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом.

      Документы предоставляются в копиях и подлинниках. Ответственное лицо уполномоченного органа в момент приема документов сверяет предоставленные копии с подлинниками документов и возвращает подлинники сразу же после проведения сверки.

      7. Жилищная помощь назначается на текущий квартал. Документы для назначения помощи принимаются до 25 числа последнего месяца текущего квартала. Повторное обращение заявителя за жилищной помощью аналогично первоначальной процедуре оформления.

      По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган в течение десяти календарных дней с момента сдачи документов выносит решение о назначении или отказе в жилищной помощи, о чем письменно извещает заявителя.

      8. Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг.

      9. При изменении доли предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) производится перерасчет ранее назначенной жилищной помощи.

3. Исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи

      10. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании приказа Председателя Агенства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7412).

4. Выплата жилищной помощи

      11. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

      12. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета заявителей.