Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 12/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 4043 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2021 жылғы 25 қарашадағы № 13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 25.11.2021 № 13/4 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы колдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңда өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тиісті оқу жылының ішінде жүргізіледі;

      2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап сәйкестелген оқу жылының 1 маусымына дейін тағайындалады;

      4) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 09.09.2019 № 55/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Д. Могунова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
мәслихатының хатшысы
Р. Нұрмұқанова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2017 жылғы 27 қаңтар
В. Артимович
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2017 жылғы 27 қаңтар
А. Биктимиров

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 января 2017 года № 12/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 6 февраля 2017 года № 4043. Утратил силу решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 25 ноября 2021 года № 13/4

      Сноска. Утратил силу решением маслихата Мамлютского района Северо Казахстанской области от 25.11.2021 № 13/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-санитарной коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" маслихат Мамлютского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому (далее – возмещение затрат на обучение) родителей и иных законных представителей детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежемесячно на каждого ребенка в размере 3 месячных расчетных показателей.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" в течение соответствующего учебного года;

      2) возмещение затрат на детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (кроме детей-инвалидов, находящихся на полном государственном обеспечении) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями;

      3) возмещение затрат на обучение назначается с месяца обращения до 1 июня соответствующего учебного года, при признании необходимости обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому, указанного в заключении психолого-медико-педагогической консультации;

      4) при наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком-инвалидом восемнадцати лет, смерть ребенка-инвалида, снятие инвалидности, в период обучения ребенка-инвалида в доме интернате или санаторной школе), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 09.09.2019 № 55/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2017 года.

      Председатель сессии маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Д. Могунова
      Секретарь маслихата
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области
Р. Нурмуканова
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель
государственного учреждения
"Отдел занятости и
социальных программ
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
В. Артимович
      27 января 2017 года
      Руководитель
государственного учреждения
"Отдел экономики и финансов
Мамлютского района
Северо-Казахстанской области"
27 января 2017 года
А. Биктимиров