Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 25.11.2021 № 13/4 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы колдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңда өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тиісті оқу жылының ішінде жүргізіледі;
2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап сәйкестелген оқу жылының 1 маусымына дейін тағайындалады;
4) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 09.09.2019 № 55/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.