"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жайды беру туралы" Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 131 қаулысы күшін жойған деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 08 маусымда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4216 болып тіркелген)
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р.Ғаббасов |