Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангельды ауылдық округі әкімінің 16.01.2018 № 2 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 16-11/143 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шақырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімінің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының | |
Уәлиханов ауданы | |
Амангелді ауылдық округінің | |
әкімі | Қ.Жексембаев |