Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы, Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шақырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 4324 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангельды ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангельды ауылдық округі әкімінің 16.01.2018 № 2 шешімімен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 16-11/143 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының оңтүстік-шығысынан үш шақырым қашықтықта тұрған ірі қара мал табынында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімінің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Уәлиханов ауданы
      Амангелді ауылдық округінің
      әкімі Қ.Жексембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады