"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы көшесінің атауын өзгерту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 236 бірлескен қаулысына және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 8/3 шешіміне (2016 жылғы 30 желтоқсанда аудандық "Парыз" газетінде, 2016 жылғы 30 желтоқсанда аудандық "Новатор" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3970 болып тіркелді) келесі өзгерту енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында Первомайская көшесі Есім Шайкин атындағы көше болып өзгертілсін.".
Орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.