"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2), 3), 4) тармақшаларына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Мақат аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ шақырылған облыстық мәслихат кезекті XІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысы Мақат ауданының Бәйгетөбе ауылдық округінде жалпы аумағы 12000 гектарды құрайтын Ескене ауылы құрылсын.
2. Бәйгетөбе ауылдық округінің аумағы 50300 гектарға өзгертілсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевке және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А. Абдоловқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
Сессия төрағасы | А. Габдуллин |
Мәслихат хатшысы | Ө. Зинуллин |