Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 22.11.2017 № 2460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қалауиға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Шапкенов |
Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы "10" ақпандағы № 231 қаулысына қосымша | |
Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы "10" ақпандағы № 231 қаулысымен бекітілген |
2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Елді мекен атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы (адам) |
Атырау қаласы | 10000 |
Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Елді мекен атауы | Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) |
Атырау қаласы | 32056 |
2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Елді мекен атауы | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының 1 айдағы мөлшері, (теңге) |
Атырау қаласы | 10000 |