2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 231 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 наурызда № 3800 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 2460 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 22.11.2017 № 2460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)-тармақшасына сәйкес Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау қаласында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қалауиға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Шапкенов

  Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы "10" ақпандағы № 231 қаулысына қосымша
  Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы "10" ақпандағы № 231 қаулысымен бекітілген

2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Елді мекен атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы (адам)


Атырау қаласы

10000


Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

Елді мекен атауы

Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге)


Атырау қаласы

32056


2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Елді мекен атауы

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының 1 айдағы мөлшері, (теңге)


Атырау қаласы

10000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады