Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 20.07.2018 № 1279 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы, 2-тармағы, 5-8)-тармақшасына сәйкес су объектілерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін пайдалану мақсатында, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау қаласының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Айтбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | М. Қалауи |
Атырау қалалық әкімдігінің 2017 жылғы "17" мамырдағы № 926 қаулысына қосымша |
Атырау қаласының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары
1. Ақсай ауылдық округі бойынша:
1) Ақжар ауылының солтүстігіндегі соңғы нүктеден бастап N470 15.082/ Е0510 55.375/ координаттарына дейінгі учаске;
2) "Бугорки" саяжайы тұрғын үй алабы маңындағы "Бугорки" ұйықтық учаскесінен N470 12.840/ Е0510 55.900/ координаттарына дейінгі учаске;
3) "Бугорки" саяжайы тұрғын үй алабы маңындағы "Бугорки" ұйықтық учаскесінен N470 12.645/ Е0510 55.900/ координаттарына дейінгі учаске;
4) "Бугорки" саяжайы тұрғын үй алабы маңындағы "Бугорки" ұйықтық учаскесінен N470 08.790/ Е0510 55.825/ координаттарына дейінгі учаске (теміржол көпірінен 50 метр жоғары);
5) "Бугорки" саяжайы тұрғын үй алабы маңындағы "Бугорки" ұйықтық учаскесінен N470 08.695/ Е0510 557.67/ координаттарындағы учаске (теміржол көпірінен 50 метр төмен);
6) "Бугорки" саяжайы тұрғын үй алабы маңындағы "Бугорки" ұйықтық учаскесінен Жайық өзенінің оң жақ жағалауы, Жұмыскер ауылдық округі, Жұмыскер ауылының оңтүстігіндегі соңғы нүктеге дейін N470 03.690/ Е0510 51.237/ координаттарындағы учаске;
7) "Бугорки" саяжайы тұрғын үй алабы маңындағы "Бугорки" ұйықтық учаскесінен Жайық өзенінің сол жақ жағалауы, Балықшы ауылдық округі, Ақжайық ауылындағы айлақ маңына дейінгі N470 03.764/ Е0510 51.584/ координаттарындағы учаске.
2. Қайыршақты ауылдық округі бойынша:
1) Талқайран ауылының солтүстігіндегі соңғы нүктеден N470 14.812/ Е0510 56.289/ координаттары, оңтүстік соңғы нүктеге дейінгі учаске;
2) Талқайран ауылының солтүстігіндегі соңғы нүктеден N470 14.034/ Е0510 56.101/ координаттары, оңтүстік соңғы нүктеге дейінгі учаске;
3) Безымянная ескі арнасы.